Жемқорлыққа қарсы агенттік ӘМСҚ қызметіне талдау жүргізеді

Жемқорлыққа қарсы агенттік ӘМСҚ қызметіне талдау жүргізеді

Жемқорлыққа қарсы агенттік ӘМСҚ қызметіне талдау жүргізеді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы жылдың 1-30 қазаны аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы арнасы. «Талданып отырған сала тұрғындар үшін өзекті екендігін ескере отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлар мен ақпараттарды b.aitbaev@anticorruption.gov.kz, tolybekov.n@anticorruption.gov.kz электронды поштасына және 8-778-672-44-01 WhatsApp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады», – деп атап өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болсаңыз, сіз 1424 тәулік бойы байланыс орталығына хабарласа аласыз.