Украинадағы ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты

Украинадағы ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты

Украинадағы ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлаған кезде 25 адамның қаза тапқаны белгілі болды, – деп жазды «Укринформ» сайты. 25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген. Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болған, – деп хабарлады Facebook-те УҚК Әуе Күштері басшылығы. Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.