Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«26-28 қыркүйек күндері Қазақстанның ауа райына солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі циклонның ықпалында болады, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады. Тұман түсіп, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі», – делінген Қазгидромет ұсынған хабарламада.