«Tengri Bank» салымшылары ақшасын қай банктен алады?

«Tengri Bank» салымшылары ақшасын қай банктен алады?

«Tengri Bank» салымшылары ақшасын қай банктен алады?
ашық дереккөзі
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры агент банк ретінде «Еуразиялық банк» АҚ таңдады. Қордың қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемді «Tengri Bank» АҚ салымшыларына осы банк төлейтін болады. «Tengri Bank» АҚ депозиттерінде, ағымдағы шоттарында және карточкаларында қаражаты бар жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер өтем алуға өтініш бере алады. Кепілдік берілген өтем төлеуге өтініштер қабылдау 2020 жылдың 30 қыркүйегінен басталады. «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелері елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кезек күтуді азайту мақсатында «Tengri Bank» АҚ салымшыларына таяудағы демалыс күндері – 3 -4 қазанда қосымша қызмет көрсететін болады. ҚДКБҚ салымшыларға агент банктің бөлімшелеріне бармай тұрып, оның сайты арқылы бөлімшелердің жұмыс кестесін қарауы керек. Агент банк сондай-ақ өтініштерді қашықтан беру және өтем сомаларын онлайн тексеру бойынша опцияларды қарастыратын болады. Бұл туралы толық ақпаратты «Еуразиялық банк» АҚ сайтынан алуға мүмкіндік бар. Агент банк арқылы кепілдік берілген өтем төлеу шарасы 12 ай бойы – 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Қор белгіленген мерзімнің аяқталуына қарай агент банкпен арадағы келісімнің қолданылу мерзімін ұзартуы мүмкін. Агент банк арқылы белгіленген өтем төлеу мерзімі аяқталған соң, «Tengri Bank» АҚ салымшылары төлем алу жөнінде тікелей ҚДКБҚ-ға өтініш бере алады. Айта кетсек, ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді депозиттегі қалдық сома шегінде, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыны ескере отырып төлейді: – ұлттық валютадағы жинақ депозиттер бойынша – 15 млн теңгеден; – ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден; – және шетел валютасындағы депозиттер бойынша – валюта баламасында 5 млн теңгеден аспайды («Tengri Bank»АҚ лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша). «Tengri Bank» АҚ салымшысының банкте түрі мен валютасы бойынша екі және одан да көп кепілдендірілген депозиттері бар болса, агент банк олар бойынша 15 млн теңгеден аспайтын көлемде кепілдік берілген жиынтық өтем төлейді. Бұл ретте шетел валютасындағы депозиттің 5 млн теңгеден аспайтын кепілдендірілген қалдығы бойынша шектеу ескеріледі. Кепілдік берілген өтемді алу үшін «Tengri Bank» АҚ салымшылары Еуразиялық банктің кез келген филиалы немесе бөлімшесіне барып, төлем алуға өтініш толтырулары қажет.