Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

Путин Нобель сыйлығына ұсынылды
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин 2021 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды.  Ослода орналасқан Нобель комитетінің кеңсесіне өтінімді жазушы Сергей Комков жолдаған. "Бұл менің Нобель сыйлығына төртінші ұсынысым. Хат биылғы жылдың 9 қыркүйегінде жіберілді. Ал 10 қыркүйекте бұл өтінім Ослодағы Нобель комитетінің штаб-пәтеріне түскен", - деді Комков осы оқиғаға орай өткізілген баспасөз мәслихатында. Жазушының сөзінше, марапаттауға өтінім жолдау қыркүйекте басталып, қазанда аяқталады. Наурыз айына дейін комитет оларды қарап, наурыз-сәуір айларында өтінім жібергендерге хаттары қабылданып, қаралып, тіркелгені туралы хабарлама жібереді. Хаттың діттеген жерге жетуін мұқият қадағалаған Комков Ресейден жолданған хат америкалықтардың тынышын кетіргенін айтты. «Жергілікті уақыт бойынша 15:07-де хат Ослоға жеткізіліп, Нобель комитетінің хатшыларының бірі қол қойды. Осы өтінімнен кейін АҚШ тарапының тынышы кетті. Кешке таман, жергілікті уақыт бойынша сағат 16-дан кейін Ослодағы АҚШ өкілі асығыс өтінім толтырып, Трампты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды. АҚШ президенті БАӘ мен Израиль арасындағы кикілжіңді реттеген көрінеді», - деді жазушы. Айта кетейік, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы – бұл 19 ғасырдың аяғында швед өнеркәсіпшісі және өнертапқышы Альфред Нобель мұра етіп қалдырған бес сыйлықтың бірі. Ол адамға немесе ұйымға бейбітшілікке қосқан ерекше үлесі үшін беріледі. Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты биыл Нобель сыйлығын табыстау салтанаты онлайн-форматта өтеді.