Елордада Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тен бейнеленген мурал салынады

Елордада Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тен бейнеленген мурал салынады

Елордада Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тен бейнеленген мурал салынады
ашық дереккөзі
Сарайшық көшесіндегі көпірдің астында ең үлкен балалар экоалаңқайларының бірі ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  «Ол орталық Триатлон паркінен Президент саябағына дейін жалғасып жатыр. Ойын алаңының жалпы көлемі – 1088 шаршы метр. Ол шағын сәулет үлгілерімен толығады. Экстремалды спорт түрлерін сүйетіндерге паркур-алаң ашылады деп жоспарланып отыр. Айта кетсек, осы секілді қоғамдық алаң Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы көпірдің астында бар. Ол жерде стритболл, үстел теннисі, скейт-алаң, воркаут-зона және стрит-арт пайда болады» деп хабарлады баспасөз қызметі. Сондай-ақ, ақпарат бойынша астаналық урбанистика орталығы аса көрнекті спортшылар және Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тен бейнеленген граффити салынатын локацияны қарастырып жатыр. «Бұл қазақстандық спорт жұлдыздарының есімі әр қазақстандықтың жадында мәңгі сақталатыны анық. Жаңа нүктелерді және «адамдарға арналған қаланы» құру бойынша барлық жұмыстар «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізіліп жатыр. Биыл елордада 150 аула абаттандырылып, 54 қоғамдық кеңістік соғылды» деп толықтырды басқарма өкілдері.