Air Astana рейстеріне онлайн тіркелу ұшуға 36 сағат қалғанда ашылады

Air Astana рейстеріне онлайн тіркелу ұшуға 36 сағат қалғанда ашылады

Air Astana рейстеріне онлайн тіркелу ұшуға 36 сағат  қалғанда ашылады
ашық дереккөзі
21 қыркүйектен бастап әуекомпанияның рейстеріне онлайн тіркелу ұшақ ұшудан 36 сағат бұрын ашылады (бұрынғыдай 24 сағаттың орнына) және 60 минут бұрын аяқталады. Бұл қызмет әуежайдағы тіркеу орнында адамдардың кезекте көп тұруы­ның алдын алады және COVID-19 ин­фек­циясының қаупін азайтады. Онлайн тіркелу кезінде жолаушылар ұшақтағы орынды таңдай алады. Онлайн тіркелуді airastana.com сайтының «Менің брондауым» бөлімінде, Air Astana мобильді қо­сымшасы немесе Нұр-Сұлтан мен Ал­ма­ты әуежайларында өзін-өзі тіркеу киос­кілері арқылы да жасауға болады. Жолаушылар тексеру және отырғызу ай­мағына Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау және Қызылорда қалаларынан ішкі рейс­терге арналған мобильді отырғызу та­лонымен өте алады. Ол үшін онлайн тір­­келу кезінде «Мобильді отырғызу би­летін сақтау» опциясын таңдау керек. IOS құрылғыларында рұқсат Passbook / Wallet қосымшасында, Android құрыл­ғыларында Pass2U қосымшасында сақ­та­лады. Халықаралық рейстерге онлайн тір­келу Қазақстан мен басқа елдердің қо­сымша талаптарына байланысты уақыт­ша қолжетімді емес.  

Серік Әлімжанов,

Алматы