Праймериз: Дебаттар байыпты пікір алаңына айналды

Праймериз: Дебаттар байыпты пікір алаңына айналды

Праймериз: Дебаттар байыпты пікір алаңына айналды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының жалпыреспубликалық ішкі сайлауында дауыс беруге санаулы күн қалды. Праймериз кандидаттары 14 қыркүйектен бері жария пікірсайысқа қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынуда. Дебаттар әр өңірдің түйткілді мәселелері көтерілетін, олардың шешу жолдары ұсынылатын сал­мақты ой, байыпты пікір алаңына айналды. Семей қаласында күні бүгінге дейін пі­кірсайыс 8 рет ұйым­дас­тырылып, оған 40-тан астам үміткер қа­тысты. Сейсенбіде өткен  дебатта үміт­керлер мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тар­дың қала аумағында қозғалыстарын оң­­тайландыру мәселесін көтерді. Сон­дай-ақ кандидаттар Семей қаласындағы қоғамдық көліктерді жаңарту, қала ішін абаттандыру сынды мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын ұсынды. Ал Ақмола облысының Жарқайың ауданында өткен пікірсайыста кан­дидаттардың бірі жас кәсіпкерлерді қолдауды, жастарға үй салу мәселесін көтерсе, келесі үміткерлер сыбайлас жем­қорлықпен күрес мәселесін өзінің сайлауалды бағдарламасының өзегі еткен. Праймеризге қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тілге тиек ете отырып, азаматтардың барлық сындарлы өті­ніш-тілектерін жедел әрі тиімді қа­рас­тыру қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ жарқайыңдық кандидаттар патриотизм мен жастар мәселесін де көтерді. Үміткерлер ел ішін аралап, тұрғындардан жинаған ұсыныс, пікірлердің негізі де жастар мәселесі болып отырғанын айтты. Барлық ұсы­ныстар аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы мен ауданның даму бағдарламасына енгізілмек. Себебі ел ахуалы халық қалаулыларының ұдайы назарында болуы қажет. Өңірдің тыныс-тіршілігіне етене қаныққанда ғана мәселелердің мәнісімен жете та­нысуға болады дейді праймериз қатысу­шылары. Елордалық кандидаттар да тартысты дебат өткізді. Байқоңыр ау­да­нының қатысушылары «Нөсер кә­різдері және тазарту құрылыстары», «Қо­­ғамдық көлік», «Жастар», «Қауіпсіз­дік» секілді 10 тақырып аясында пікір та­ластырды. Үміткерлер аталған тақырыптар бойынша тұшымды идеяларын ұсы­­нып, қала өмірін жақсартуға қа­ты­с­ты ойларын ортаға салды. Мәселен,  мем­­лекеттік органдарда тәлім­гер­лік институтын енгізуді, яғни тә­жіри­бесі бар адамдарды жас қызмет­кер­лерге тәжірибе беруге ынталандыруды ұсын­ды. «Әділдік» БПҰ өкілі жастар мә­селелерін талқылаған пікірталаста жас­тар үшін шекті жасты арттыру қа­жеттілігі туралы, мектептерде «Логика» жә­не «Психологиялық дайындық» пән­дерін міндетті түрде енгізу қажетін айтты. Сонымен қатар ол мемлекетке ЕДБ-дан халықтың кепілсіз несиелерін са­тып алу үшін бағалы қағаздар шығару­ды ұсынды. Ал бизнес өкілі  пікірталас алдында елордалық автобус парк­тері­нің жүргізу­шілері­мен бірнеше рет кез­десіпті. Дебатта ол ең алдымен, жүр­гізу­шілер үшін ың­ғайлы жағдай жа­сау­ды, атап айт­қан­да, соңғы аялдамаларды дәрет­ха­на­лар­мен жабдықтауды ұсын-ды. Еске сала кетейік, Nur Otan пар­тиясының партияішілік сайлауында онлайн дауыс беру 1-3 қазан ара­лы­ғында өтеді.  Дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне бүгінгі күнге дейін 700 мыңға жуық партия мүшесі тіркелді. Праймеризге 11 мыңға жуық үміткер қатысуда. Еліміз бойынша орта есеппен бір орынға төрт адам үміткер болып отыр. Кандидат­тар­дың 70 пайызы  өзін-өзі ұсынғандар, ал мың­ға жуығы – партияның жаңа мү­ше­ле­рі. 37 пайызы – әйелдер, 29 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар.