Қару саудасына «қамқорлық» жасап жүрген кім?

Қару саудасына «қамқорлық» жасап жүрген кім?

Қару саудасына «қамқорлық» жасап жүрген кім?
ашық дереккөзі
«Сауда мұраты – ұту» десек те, саудалауға болмайтын нәрселер бар, мәселен, мемлекеттік құ­пияны сату, адам саудасы, қару саудасы деген секілді. Бірақ есіл-дертін мол байлық алып, ақ­шаға құныққандар ешбір қылмыстан шімірікпей заңды бұзып, тіпті мемлекет қауіпсіздігіне зор нұқсан келтіріп жатады. Бұл орайда, соңғы жылдары елімізде қару сатуға байланысты деректердің ара-тұра болса да байқалып қалып жататыны алаңдатарлық жағдай. Әрине, әлемде қару саудасы жоқ емес, бірақ оның бәрі мемлекетаралық келісімдерге сай жүргізіледі. Ал егер сол қаруды мемле­кеттің бақылауынсыз жеке адамдар сататын болса, ол – қылмыс. Бірақ заңсыз қару-жарақ сатумен айналысатындар оны жақсы біледі, сөйте тұра қауіпті саудаға тәуекел етіп, қылмыстық іске қол ұрады. Заңсыз қару саудасын ірі ұйымдасқан қыл­мыстық топтар ұйымдастыратыны белгілі. Өйткені елден қаруды жасырын алып шығу, оны өзге елдер арқылы белгіленген жерге жеткізу оңай емес. Мұның бәрінің алдын ала істі бүге-шігесіне дейін ойластыру арқылы жүзеге асатынын болжауға болады. Себебі бұл іспен айналысу аса қауіпті. Дегенмен, Қазақстанда жұртқа мәлім болып жатқан қару сатуға байла­ныс­­ты ақпараттарда еліміздің беделіне нұқ­сан келтірерліктей даулы істер бол­ма­ға­нымен, өзге елдерде беті ашылған кейбір қыл­мыстық істерге қазақстандықтардың қатысы барлығы көңілге кірбің түсіріп жатады. Мәселен, осыдан 11 жыл бұрын Тай­­­­ландтың Бангкок әуежайында ұсталған Ил-76 ұшағының бортында 35 тонна қару-жа­рақ болған. Оны басында Қазақстанға тиесілі деп айтылғанмен, кейін ұшақтың бұрын біздің елдің реестрінде болғаны және ұшақ ұсталмастан екі ай бұрын Грузияға сатылғаны анықталды. Алайда экипаждың бес мүшесінің (біреуі Беларусь азаматы) төр­теуі Қазақстан азаматтары болып шық­қан. Әрине, экипаж мүшелерінің ұшақтағы қару-жараққа қатысы болмауы мүмкін, бірақ олардың еліміздің азаматтары ретінде әлемге белгілі болуы өзге елдерді тіксінткені анық. Қару-жарақ сату қылмысына байланысы көп жағдайда қолға түсетін-дер – шеттен келіп, елімізге қару саудалайтындар болып шығады. 2009 жылы еліміздің арнаулы қызмет өкілдері Израиль азаматы Борис Шейкманды заңсыз қару сатумен айналысты деген дәлелмен тұтқындады. Араға бір апта салып бұл жайында Израиль қорғаныс өнеркәсібі өкілі сол елдің «Маарив» газетіне сұхбат беріп, Шейнкманның Қазақстанда израильдық «Солтам», ТААС, «Элбит» және «Аэронотикс» сияқты бірнеше ірі әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпор­ны­ның атынан қызмет етіп жүргені жайында айтқан. Оның мәлімдеуінше, «2007, 2008 жыл­дары аталған фирмалармен 300 миллион долларлық сауда келісімін жасасу ар­қылы Қазақстан Ресей мен Америкада жоқ жаңа қару-жарақтарға ие болған» кө­рінеді. Кейін белгілі болғанындай, 1991 жыл­ға дейін Қазақстанда тұрған 61 жастағы Бо­рис Шейнкман кейін отбасымен Израильге қоныс аударуына қарамастан өзі кө­біне Қазақстанда тұрып келген екен. Шейнкман ісіне байланысты сол тұста бұрын Қазақстанның қор­ға­ныс вице-министрі болған генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов та ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тарапынан ұсталған еді. Ол Қазақстанға из­раил­дік әскери кәсіпорнының мүддесін көз­деп келген Борис Шейнкманмен жа­сал­ған қару-жарақ келісімінде заң бұзу­шы­лық­тарға жол берген, пара алған деп айыпталды. Дегенмен, екі елдің арасындағы тұтқын­дар алмасу жайындағы келісімге орай, Шейнкман жазасын өз елінде өтеуге Израил тарапына тапсырылған. Бұл іс біздің әс­кери­­­лердің арасында Отаннан гөрі өз бас пай­дасын көздейтін шенділердің бар екенін көр­сеткен жағымсыз жағдай болды. Кейбір қару сатушылар Қазақстанды шетелге қару-жарақ өткізетін дәліз ре­тінде пайдаланғысы келетіні бар. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Ақтауда Қа­зақ­стан арқылы Иранға қару-жарақ өткізбек бол­ған Әзірбайжан азаматы қолға түскен. Ол қару сату кезінде ұсталған. Тергеу кезінде ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеп, алғашқы сот­та ақталып шыққан. Дегенмен прокура­ту­ра өкілдерінің талап етуімен іс қайта қа­ра­лып, оның қару сатуды ұйымдас­тыр­ға­ны әшкереленіп, алты жылдай уақытқа сот­талған. Әрекеттерін қанша жасырын жа­са­ғанымен заңсыз қару-жарақ сау­да­сын қыздыратындар арнаулы орындардың на­зарынан тыс қалуы қиын. Өткен жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қыл­мыс­тық топтарды құрықтады. Олардың 8 Калашников автоматы және 2 тапаншаны сат­қаны және  деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және қылмыс әлемі өкілдерімен тұ­рақты байланысы бар адамдар екені анық­талған. Солайша, қабылданған шара­лардың нәтижесінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді Қазақстан ау­мағына әкелу және өткізудің заңсыз ар­насының жолы кесілген. Сырттан заңсыз түрде қару сатып алу­шылар мен сыртқа қару сату­шы­лардың агрессиялық әрекеттер жасап, ел ішінде бүлік шығаруды көздейтіні айдан анық. Осыдан үш жыл бұрын Алматыда адам­дарды төңкеріс жасауға шақырған топ, по­лицейлерге және шенеуніктерге жоспар құ­рып, ұзақ уақыт дайындалған. Кейін олар құ­рықталған соң олардың жоспарлары, шабуылды қалай ұйымдастырмақ болғаны туралы айтқандары жарияланды. Олар алдымен қалталы азаматтарды қорқытып-үркітіп қаржы бопсалауды, сөйтіп қолына түскен қаражатқа қырғыз елінен қару сатып алмақ болған. Егер өздерінің жасырын әрекеттері ашылып қалған жағдайда бар кі­нәні мойнына алатын адамды тауып, дайын­дап қойған көрінеді. Сөйтіп, күштік құры­лымдарға, мемлекеттік қызмет өкіл­дері­не шабуыл жасауды ойластырған. Де­ген­мен арнаулы қызмет өкілдері оларды ұзақ уақыт сырттай бақылаған, жоспарларын біліп, дауыстарын жасырын камераға жа­зып отырған. Бірақ мақсаттары жүзеге ас­пай, сырттан қару-жарақ әкеліп, елге бү­лік салғысы келетіндердің жолы болмай қал­ды.  width= Жал­пы, елге сырттан қару-жарақ әкелу немесе сыртқа сатуға ты­рыс­­қандардың талайы ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, ондай теріс әрекеттердің әлі күнге тыйылмай жатуы ойландырады. Қарау-жарақ мәселесінде қатаң ба­қы­лануға тиісті нысандардың бастысы әс­кери мекемелер. Өкінішке қарай, ол жақ­тан да ара-тұра ши шығып жатады. Осы жыл­дың басында Түркістан облысында ке­лісімшарт бойынша борышын өтеп жүр­ген әскери сарбаздың қару-жарақ алып қа­шып кеткені жайындағы ақпарат бүкіл ел­ді таңғалдырды. Кейін анықталғанындай, ол Түркістан облысы Бадам елді мекеніндегі 10216 әскери бөлімде әскери борышын өтеп жүрген әскери бөлімнің кіші сержанты, кезекшінің көмекшісі А.Балғынбай болып шықты. Ол кезекшілік ауысымы кезінде әскери бөлімді өз бетінше тастап кеткен жә­не содан кейін бөлімде қару-жарақтың же­тіспейтіндігі белгілі болған. Сөйтіп, ол 30 да­на АК-74 автоматын, 27 дана Макаров пис­толетін, 2 дана Макаров травматикалық пис­толетін, 420 дана 5.45 мм калибрлі оқты, 24 дана 9 мм калибрлі оқтарды алып кеткен. Бірақ қашқын әскер сол күні ұсталған. Ұста­ламын дегенша ол екі тапаншаны 120 мың теңгеге сатып үлгерген. Тергеу барысында ол бұл қылмысты бір өзі жасамағаны, оған та­ғы екі адамның көмектескені белгілі бол­ған. Айдың-күннің аманында елді қор­ғайды деп жүрген адамдар ел қор­ғайтындар қолына ұстайтын қаруды сатумен айналысса, елге одан асқан қауіп бар ма? Демек, бұдан қазақ әскерилерінің құл­қын қатал тәртіппен ғана толық түзеу мүм­кін еместігін, оларда шынайы патриотизмді қалыптастыруға күш салу керектігі көрінеді. Қару сату мәселесін қатаңдату, оның ішінде ел азаматтарына арналған қа­рау-жарақ дүкендерін бақылау қажеттігін елімізде болған бірнеше террористік әре­кет­тердің салдары көрсетті. Мәселен, 2016 жыл­дың 5 маусымында радикалды діни ағым­да жүрген қырық шақты адамның қару-жарақ дүкенін басып алып қаруланып, сол қаладағы ұлттық ұлан орналасқан әскери бөлімшеге шабуыл жасап, әскери қару-жарақ қоймасын басып алмақ болған әре­кеті елдегі қару-жарақ дүкендерін қорғау керегін көрсетті. Өйткені жекеменшік қару-жарақ дүкенін оп-оңай тонап, қаруланып ал­ған лаңкестер әскери бөлімшенің қақ­пасын автобуспен соғып, қиратып жасаған шабуылының нәтижесінде әскери қызметін өтеп жатқан екі офицер мен бір қатардағы жауынгер қаза тапты, бірнеше әскери қыз­меткер жараланды. Қару сату мәселесінде ең соңғы шулы оқиға осыдан оншақты күн бұрын әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қатысты деп айтар едік. Жеңіл автокөлік ішінде түсірілген бейнежазбада қызғыл сары куртка киген ер адам түсініктеме береді. Оның сөзіне қарап, заңсыз қару сату үс­тінде қолға түскен адам екені байқалады. Бел­гісіз ер адам өткен жылдың қазан айынан бастап ҰҚК-дегі бір адамдармен байла­ны­сып, Приозерск қаласындағы ресейлік әс­кери бөлімшеден жеті «КамАЗ» жүк кө­лігіне қару (зымырандық қондырғы) тиеге­нін және шекарадан өткізгенін айтады. Тіп­ті, Омскі қаласына дейін жеткізгенін, бі­рақ ары қарай ол қарулардың қайда кете­тінін білмейтінін айтады. Сондай-ақ ол өзі­не тиесілі ақшасын алу керегін, оның Ас­та­нада жатқанын, ол ақшаны Бекболат Ті­леу­ханов келгесін алатынын, оның іні- ле­рін, өзін де танитынын ашық айтып отыр. Әрине, мұндай істерде елге аты белгі­лі азаматтардың атының аталуы қо­ғамға өзгеше әсер етеді. Сондықтан Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаты Бекболат Ті­леу­­хан ол мәселе бойынша мәлімдеме жа­сады. «Иә, ол бейнетаспаны көрдім, өте жақсы спектакль жасаған! Бейне бір адам ұсталып, сол жауап беріп отырған сияқты. Кәдімгі, анық-қанық адамдардың аты-жөнін айтады. Енді, қисынға сыймайтын нәрсені айт­қан, жала болғанда да... Осы мәселеге байла­нысты, менің абырой-беделіме нұқсан кел­­тіретін осындай адамдарды табуды, ана жер­де аты аталған фамилиялардағы барлық аты аталған тұлғаларды анықтауды мен өтінемін, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, басқа да құқық қорғау орындарынан...», – деді Б.Тілеухан. Қазір бұл мәселе бойынша ештеңе белгілі емес, ана ақпарат беріп отыр­ған қару сатуға қатысы бар деген күдікпен ұсталып отырған адамның айтқандарының оң не теріс екені анық емес. Бірақ ол қоғам­ның көкірегіне күмән кіргізіп кеткендей болды... Сосын қару сатуға байланысты елдің көкейінде жүрген әңгіменің бірі – біздегі әскери қоймалардағы жарылыстар. Жасыратыны жоқ, Кеңес Одағы кезінде Қы­таймен қырғи-қабақ болған жылдарда, одан кейін Ауғанстандағы соғыс кезінде елі­мізге әкелінген қару-жарақтар көп. Сон­дай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік шараларына бай­ланысты бүкіл Шығыс Еуропадан шы­ғарылған әскери техниканың басым бөлігі КСРО кезінде Қазақстанға әкелінген-ді. Енді бұл күнде соларды сақтау оңай болмай тұр. Оны қатаң күзету керек. Оған көп күш жұм­салады. Бірақ Қарағандыда бір рет, Арыста екі рет әскери қоймалар жарылып, оның сал­дары да халқымызға біраз зиянын ти­гізді. Еліміз қоймаларында жатқан – шық­қанына көп болған қару-жарақтарды сату керек дегендер де болды, өйткені мил­лиондаған қару-жарақтар мен оқ дәрілерді сақ­тау үшін мемлекеттің миллиардтаған қа­ражаты кетіп жатқаны анық. Тіпті, ескірген қаруларды жоюдың өзіне де шығын ке­теді. Бұл да үлкен мәселе. Арыстағы әскери қойма жарылғанда ел арасында «сатылған қару-жарақ­тың орнын білдірмеу үшін қойманы біреулер жарған» деген де әңгіме жүрді. Бірақ фак­тімен дәлелденбеген нәрсені шындық деу­ге келмес, десе де ондай әскери қару-жа­рақ­тар сақталатын орындарды мемлекет қа­таң бақылауға алмаса, күндердің күнінде ұр­лап қару сататындар табылмасына кім ке­піл?