Канадада коронавирустың екінші толқыны басталды

Канадада коронавирустың екінші толқыны басталды

Канадада коронавирустың екінші толқыны басталды
ашық дереккөзі
Канадада коронавирустың екінші толқыны басталды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Джастин Трюдо CTV News телеарнасының эфирінде мәлімдеді. Үкімет басшысының болжамынша, жаңа толқын біріншісіне қарағанда ауыр болуы ықтимал. «Төрт ірі провинциямызда басталған екінші толқын жан-жаққа таралып кеткен. Жағдай көктемге қарағанда әлдеқайда нашар болуы мүмкін», - деді премьер. Джастин Трюдоның сөзінше, наурыз айында ауру жұқтырудың 47 жаңа оқиғасы тіркелсе, 22 қыркүйекте олардың саны 1 мың адамнан асқан. Үкімет басшысы екінші толқынды бақылауға алу мүмкіндігін жіберіп алмау керегін ескертіп, ел тұрғындарын сақтық шараларын мұқият орынадауға шақырды. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Канадада коронавирус жұқтырғандар саны 150 мыңға жуықтады. Індеттен 9294 адам көз жұмды. Ал әлемде пандемия басталғалы 31,8 млн адам індетке шалдыққан. Қатерлі вирус құрбандарының саны 1 миллионға жуықтады.