Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытында әуе рейстері жанданады

Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытында әуе рейстері жанданады

Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытында әуе рейстері жанданады
ашық дереккөзі
«Air Astana» әуе компаниясы Ресеймен арадағы тұрақты рейстерді қалпына келтіреді. Әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге (Домодедово) тікелей рейстері 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап аптасына бір рет - сәрсенбі күндері (Boeing 767 лайнері) жасалады. Нұр-Сұлтаннан ұшақ сағат 21.40-та ұшып шығып, Мәскеуге 22.15-те жетеді. Мәскеуден ұшақ 23.15-те ұшып, Нұр-Сұлтанға сағат 05: 35-те ұшып келеді. «Әзірге бұл рейске тек Қазақстан мен Ресей Федерациясының азаматтары және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдар қабылданады. Мәскеуге баратын қазақстандықтар сауалнамадан өтіп, қолында рейстен әрі кеткенде 3 күн бұрын жасалған коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-тестінің анықтамасы болуы керек. Еңбек ету мақсатымен баратын азаматтар екі апта ішінде үйдегі карантинде отыруы тиіс», - деп хабарлайды «Air Astana» әуе компаниясынан. Мәскеуге баратын Ресей азаматтары билет сатып алғанымен, рейске тіркелуге дейін «Мемлекеттік қызметтер» порталында сауалнама толтыруы керек. Оған қоса 72 сағат ішінде Ресей азаматтары коронавирус бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестіден өтіп, нәтижесін «Мемлекеттік қызметтер» порталына салып қоюы керек. Ресейлік жолаушылар Қазақстанға келгеннен кейін 48 сағат ішінде коронавирус тексеретін тестіден немесе 14 күндік үйдегі карантиннен өтуі тиіс. Егер Қазақстанға кіргенде осындай анықтаманы алғанына 5 күн өтпеген жағдайда, оны Қазақстанда қайта алдырудың қажеті жоқ. Үшінші елдерге Мәскеу арқылы транзитке уақытша тыйым салынған.