22 Қыркүйек, 11:57 964 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бюджетін жымқырғандар әшкере болды

Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Шара барысында департамент қызметкерлері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін әшкереледі. ШҚО-ның Глубокое ауданында ЖШС директоры азаматтарды жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға қоныстандыру туралы жалған мәліметтерді ұсынып, 6,8 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды.

Шынында, бағдарламаға қатысушылар (қоныс аударушылар) ШҚО аумағында іс жүзінде тұрып, еңбек етпеген. Ұлан ауданында осыған ұқсас 13,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолы кесілді.

Бұл фактілер бойынша ҚР ҚК 189 және 190 баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар