21 Қыркүйек, 20:56 541 0 Технологиялар Анар ЛЕПЕСОВА

Facebook басшысы сүйікті телефон маркасын атады

Facebook-тің негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукерберг Samsung компаниясының смартфондарын пайдаланғанды ұнатады. Бұл туралы ол белгілі блогер Маркус Браунлиға берген сұхбатында айтты.

Цукерберг соңғы жылдары оңтүстіккореялық компания өнімін қолдануды құп көретінін жеткізді. Ол Samsung смартфондарына жоғары баға берді. Әйтсе де, нақты қай түрін ұнататынын айтудан бас тартты.

Сондай-ақ, миллиардер iOS операциялық жүйесіне қарағанда Android-ты қолдану ыңғайлы екенін айтты. Ол өз компаниясындағы топ-менеджерлерге де сол жүйеге көшуге кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін Samsung Electronics мөлдір дисплей жасау технологиясын патенттегенін хабарлағанбыз.

Жаңа технология смартфондар, теледидарлар, мониторлар, ноутбуктер, бейнекамералар және басқа да тұрмыстық электрониканы толық мөлдір экранмен жабдықтауға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар