21 Қыркүйек, 18:42 583 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында бейнеүндеу жолдайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін БҰҰ Бас ассамблеясында бейнеүндеу жолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейнеүндеу жасайды", - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб-сайтынан көруге болады.

 

Соңғы жаңалықтар