«Nur Otan» партиясы Мұнайлы ауданындағы ауыз су мәселесін шешті

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы ауданындағы ауыз су мәселесін шешті

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы ауданындағы ауыз су мәселесін шешті
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалына Маңғыстау, Дәулет, Атамекен, Жалын  ауылының бірнеше тұрғыны шағым айтып хабарласқан. Тұрғындарды алаңдатқан – ауыз сумен қамтамасыз етудегі қиындықтар. Ауыл азаматтарының айтуынша, ауыз су жеткізіліп отырған құбырдағы судың қысымы азайып кеткен, ал Жалын ауылына су мүлдем келмей қалған. Аудан әкімі, партия төрағасы Р.Елтизаров, партиялық бақылау кеңесінің төрағасы Б.Садуақас, аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Г.Қонысбаева аталған мәселе бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Маңғыстау жылу» директорымен шұғыл байланыс орнатты. Аудан әкімі, партия төрағасы Р.Елтизаров мәселені өзінің бақылауына алып «Каспий су тұшыту» зауытымен қосымша келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде мәселе тұрақталып, Атамекен, Дәулет, Жалын ауылындағы су құбырының қысымы реттеліп, бүгінде ауыл аумақтарында су кестеге сәйкес беріліп, тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.