Жамбыл облысында ҚазҰМУ филиалы ашылады

Жамбыл облысында ҚазҰМУ филиалы ашылады

Жамбыл облысында ҚазҰМУ филиалы ашылады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин кездесіп, акушерлік және гинекология, педиатрия, кардиология, онкология сияқты негізгі мамандықтар бойынша резиденттерді даярлау үшін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы базасында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ филиалын ашу туралы шешім қабылдады. Өңір басшысы облыс орталығында резиденттерді даярлау кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетінін атап өтті. Ол мамандық бойынша көтерме жәрдемақы және бос жұмыс орындары ұсынылатын аудан ауылдарына қажетті медицина кадрларын даярлаудың маңыздылығына назар аудартты. Ашығын айту керек, қазір жастар оңтүстік астанада университетті бітіргеннен кейін ауылдық жерлерге жұмысқа орналасуға құлықсыз. Талғат Нұрғожин аталған бастаманы қолдайтынын білдіріп, университеттің Тараздағы филиалында жұмыс істеуге дайын оқытушылардың жеткілікті резерві бар екенін жеткізді. Бұдан бөлек, оқу орны жоғары курс студенттерін практикалық дағдыларды игеру үшін облыстық көпбейінді ауруханаға жібере алады. Ынталандыру мақсатында жоғары оқу орны студенттер мен Жамбыл медицина қызметкерлеріне Электронды ғылыми кітапхананы пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, университет аймақтағы медицина қызметкерлерін Израиль, Литва, Кореяның жетекші университеттеріне біліктілігін арттыруға жіберуге дайын.