Бразилияның атақты футболшысы "Қайрат" сапында ойнайды

Бразилияның атақты футболшысы "Қайрат" сапында ойнайды

Бразилияның атақты футболшысы "Қайрат" сапында ойнайды
ашық дереккөзі
Бразилиялық атақты футболшысы Вгнер Лав «Қайрат» футбол клубының құрамына қабылданды. Бұл туралы футболшы әлеуметтік желіде хабарлады.  Жуырда Вагнер Лав бразилиялық «Коринтианс» командасымен келісім-шартын бұзған болатын. Атақты шабуылшы спорттық мансабында «Палмейрас», ЦСКА, «Фламенго», «Шаньдун Лунэн», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» сынды танымал командаларда ойнады. Бразилия құрамасы сапында 20 матч өткізіп, төрт гол соққан. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда спортқа легионерлерді тартуға тыйым салынуы мүмкін екенін хабарлағанбыз. Жуырда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар елімізге шетелдік мамандар мен спортшыларды шақырту тәжірибесінен бас тартуды ұсынып, Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады.