Макгрегор спорттық мансабымен қоштасатынын мәлімдеді

Макгрегор спорттық мансабымен қоштасатынын мәлімдеді

Макгрегор спорттық мансабымен қоштасатынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор мансабын аяқтамақ. Бұл туралы спортшы  өзінің Twitter-аккаунтында жазды. «Сәлем, достар! Мен жекпе-жектен кету туралы шешім қабылдадым. Баршаңызға ерекше естеліктер үшін алғыс айтамын!», — деп жазды ол. Жазбасымен бірге Макгрегор Лас-Вегастағы жекпе-жектерінің бірінен соң анасы Маргаретпен түскен суретін қоса жариялады. «Өз арманыңдағы үйді таңда! Мен сені қатты жақсы көремін! Қалағаныңның бәрі – сенікі!», — депті спортшы анасына. Айта кетейік, Конор Макгрегор бұған дейін бірнеше рет – 2016 және 2019 жылдары спорттық мансабын аяқтайтынын жариялаған. Алайда сөзінен тайып,  жекпе-жек алаңына қайта оралды. Соңғы рет ирландиялық спортшы биылғы жылдың қаңтар айында америкалық  Дональд Серронемен жекпе-жек өткізді. Конор Макгрегор  өзінің қарсыласын 40 секундта нокаутқа жібергені көптің есінде.