Министр: вакцинация - мәжбүрлі шара емес

Министр: вакцинация - мәжбүрлі шара емес

Министр: вакцинация - мәжбүрлі шара емес
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халыққа екпе жасауға қатысты пікір білдірді. «Вакцинациялау – қазіргі Кодекс пен жаңа Кодекс жобасы бойынша кез келген адамға келісімі арқылы ғана (немесе заңды өкілінің келісімі – баланың ата-анасы) жасалады. Кез келген адам (ата-ана) одан бас тарта алады. Ол мәжбүрлі емес. Әйтсе де халықты вакцинациялау – инфекция эпидемиясынан халықтың қорғаудың бірден-бір ғылыми негізге ие әрі дәлелденген амалы. Бұл мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы», - деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында. Министр «егер вакцинация міндетті болмайтын болса – перзентханалар мен ауруханалардың дәрігерлері үшін де міндетті болмайтынын» жеткізді. «Бізге бұл вакциналарды сатып алу керек болмай қалады. Жылына 4 миллионнан астам балаға туған кезде және туғаннан кейін мемлекет есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, көкжөтел, гепатит, пневмонияға қарсы екпе жасалмайды», - деп түйді Елжан Біртанов. Айта кетерлігі, Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын. Ізінше екпелердің бәрін де міндетті және ерікті деп екіге бөлу туралы шешім қабылданды.