6 маусым күнгі ауа райы болжамы

6 маусым күнгі ауа райы болжамы

6 маусым күнгі ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 6 маусым күні еліміздің батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аумақтарда дауыл, бұршақ болжанады. Қазақстанның қалған аумағы әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылмен сақталады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде – тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде дауыл күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с артып, шаңды дауыл тұрады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Қызылорда, күндіз Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.