1 Маусым 2020, 16:09 800 0 Аймақ Арайлым Бимендиева

«Қордай» өткізу бекетінің реконструкциясы биыл аяқталады

Жамбыл облысында қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу бекетін реконструкциядан өткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бекет келесі жылдан бастап тәулігіне 2 500 көлік пен 23 мың адамды өткізе алады.

Жоба ұзындығы 137 метрлік 8 жолақты қозғалыс бөлігін, өткізу терминалдарын, бақылау-өткізу пунктін, шекара қызметінің ғимараты мен өткізу бекетінің басқа да нысандарын қайта жаңартуды қарастырады. Бұдан бөлек, биыл мамандар тексеру шараларын жылдам жүзеге асыруға арналған жаңа инспекциялық тексеру кешенінің құрылыс жұмыстарын орындайды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына қажетті техниканың барлығы жұмылдырылып, құрылыс материалдары жеткізілген. Қайта жаңарту жұмыстарына 127 адам мен 15 техника тартылды. Өткізу бекетін реконструкциялау ауданы 3,5 га.

Жол-құрылыс маусымы қызған шақта «Қордай» өткізу бекеті тек жаяу жүргіншілер үшін сағат 6:00-дан 24:00-ке дейін жұмыс істейді. Автокөліктер көршілес «Қарасу», «Сортөбе» және «Ауқатты» бекеттері арқылы өткізіліп жатыр. Аталмыш өткізу бекеттеріне кіру жолдары жақсы жағдайда. Бекеттегі жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар