Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. «Скандинавия аудандарынан шыққан антициклон Қазақстан Республикасының солтүстігінде, орталық және шығыс аумағында температураның төмендеуіне ықпал етеді. Кей жерлерде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларына байланысты ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады», – делінген хабарламада.