Алматыда "барахолка" қашан ашылады – әкімдік жауап берді

Алматыда "барахолка" қашан ашылады – әкімдік жауап берді

Алматыда "барахолка" қашан ашылады – әкімдік жауап берді
ашық дереккөзі
Алматы әкімдігі "барахолканың" қашан ашылатынын айтты. Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бастығы Еркебұлан Оразалиннің сөзінше, барлық нысандарды бір уақытта емес, кезең-кезеңімен ашу жоспарланған. 25 мамырдан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды, сондай-ақ азық-түлік базарлары мен өзге де базарлардың азық-түлік қатарлары ашылады. "Бізде 23 базардың ішінде 13 нысан жұмыс істеді. "Барыс" базарында ашық аспан астындағы бөлшек сауда жабылған болатын. Дүйсенбіден бастап қабылдауға дайындалып жатыр. Іске асырылған 4 кезең аясында 500 мың адам жұмыс орнына қайта оралды. Сондай-ақ дүйсенбіден бастап сауда ойын-сауық орталықтарының бөлшек сауда бутиктер бөлімі ашылады. Бірақ, кинотеатр, тамақтану және ойын-сауық орындары жұмыс істемейді. Бесінші кезең аясында тағы 100 мың адам жұмысына кіріседі. Азық-түліктік емес базарларға келер болсақ, комиссия шешіміне сәйкес, олар аудиттен өткеннен кейін 1 маусымнан бастап жұмысын жандандырады", – дейді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бастығы Еркебұлан Оразалин. Айта кетейік, бұған дейін Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин 25 мамырдан бастап жұмысын бастайтын қоғамдық тамақтану орындарына қандай талаптар қойылатынын айтты.