22 Мамыр 2020, 09:18 3554 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Карантин кезінде қызметкерлерімен моншаға барған аудан әкімі жазаланды (видео)

Карантин кезінде қызметкерлерімен моншаға барған Шардара ауданы әкімінің теріс қылығы Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды. 

Жиында мәлім болғандай, Шардара ауданының әкімі мемлекеттік қызметшілермен бірге моншаға барған. Ол төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы бола тұра, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болғаны анықталған.

Сонымен қатар, қызметтік автокөліктің жұмыстан тыс уақытта пайдаланылуына жол берген. Отырыс нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңестің шешімен Шардара ауданының әкімі Қ.Жолдыбайға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, аудан әкімінің аппарат басшысы Ғ.Амантайға және Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш. Райхановқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

;feature=emb_title

 

Соңғы жаңалықтар