21 Мамыр 2020, 09:52 680 0 Саясат Анар ЛЕПЕСОВА

«Самұрық- Қазына» жұмысы қалыпты

Елбасы Н.Назарбаев «Самұрық-Қа­зы­на» ұлттық әл-ауқат қоры» акцио­нер­лік қо­ғамы басқармасы­ның тө­рағасы Ахметжан Есі­мовті қа­былдады.

Кездесу барысында қор­дың портфельдік компа­ния­лары­ның қазіргі экономи­ка­лық жағ­­дайда үздіксіз жұ­мы­сын қам­­тамасыз ету мәсе­ле­ле­рі тал­қы­ланды.

А.Есімовтің мәліметі бойын­­ша, «Самұрық-Қазына» ұлт­­тық әл-ауқат қоры» ак­цио­­нерлік қоғамының бар­лық кә­сіпорындары қалыпты жағ­­дай­да жұмыс істеп жатыр. Қор­дың ал­дын ала қарасты­рыл­ған қар­жы­лық резерв­тері­нің ар­қа­сында өндіріс қыз­меткерлері­нің қысқаруы­на және жалақы тө­леудің ке­шік­тірілуіне жол бе­рілген жоқ.

Ұсынылған ақпаратқа сәй­кес, аудит қорытындысы бойын­ша бюджетке төленетін тө­­лем­дер алдыңғы жылдар­мен са­лыс­тырғанда 52 пайыз­­ға ар­тып, 1,1 трлн тең­ге­ден асты.

Соңғы жаңалықтар