Атырауда ауыл шаруашылығы дамып келеді

Атырауда ауыл шаруашылығы дамып келеді

Атырауда ауыл шаруашылығы дамып келеді
ашық дереккөзі
Атырау облысы Махамбет ауданында биыл алма шырынын өндіру цехы іске қосылады. Сонымен қатар бірқатар қожалықтар алма ағашын өсіруді қолға алып жатыр. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Махамбет ауданына ауыл шаруашылығы жұмыстарын қарау барысында барған жұмыс сапарында белгілі болды,  деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Дастан» шаруа қожалығы 15 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Шаруашылық бүгінде 125 гектар аумақта көкөніс, бау-бақша өнімдерін өсіріп жатыр. Бұдан бөлек, қожалық мал шаруашылығымен, құс өсірумен де айналысады. Шаруа қожалығының директоры Ақтұрған Ерманов жаңадан жабылған он жылыжайдың жұмыс істеп жатқанын айтты. ​ ⠀ «Бұрынғы жылыжайлар ​ ағаш конструкцияларынан болған болса, биыл ​ металл конструкция пайдаланып, жаңадан жабылған он жылыжайды қолданып отырмыз. ​ Мұнда қияр, қызанақ түрлері өсіріледі. Шамамен 150 тоннадай өнім береді деген есебіміз бар.​ Биыл егіс көлемі 130 гектардай болады. 30 гектардай картоп, бақша дақылдары 45 гектар болады деген жоспар бар», – дейді шаруа қожалығының директоры Ақтұрған Ерманов.​  width= ⠀ Сапар аясында облыс басшысы «Темірлан-Агро 7661» ЖШС жұмысымен танысты. Бау-бақша, көкөніс өнімдерімен бірге, кәсіпорын биыл алма ағашын өсіруді қолға алмақ. Кәсіпорын 55 гектар жерге Италиядан әкелінген көшеттерді отырғызуды жоспарлап отыр. ⠀ Осындай жұмыс «Рамазан» шаруа қожалығында да жүріп жатыр. 2015 жылы мұнда алма ағашының 8 000 көшеті отырғызылған болатын. ​Енді қожалық ​ алма шырынын өндіру цехын іске қосқалы отыр. «Қазіргі таңда елімізде ауыл шаруашылығына ерекше басымдық берілуде. Өңіріміздегі климаттық қиындықтарға қарамастан, біз де аталған саланы қолдауды күшейтеміз. Республикалық және жергілікті бюджеттен субсидиялар бөлу ​ жалғасуда. Биыл мал басы артып, егіс көлемі ұлғайып, жылыжайлар саны артты. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын барынша қолдап, дамыта ​ береміз», – деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов шаруалармен кездесу барысында. ⠀  width= Бүгінде Атырау облысының агроөндірістік секторында оң динамика байқалып отыр. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 11 мың тонна ет, 8,5 мың тонна сүт, 26 млн дана жұмыртқа өндірілді. Малдың барлық түрі бойынша өсім байқалады. Дәнді-дақыл, бау-бақша өнімдерін егетін ​ аумақ көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама ұлғайған. Биылғы жылы олардың аумағы 9 222 гектарға дейін өседі деп күтілуде. 3 000 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылып жатыр. Сонымен қатар тұрғындарды маусым аралығында көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай кешендері жұмыс істеп жатыр. ⠀ Осы ретте, Атырауда 1 000 тонналық ​ қойма салынғанын да атап өткеніміз жөн. Бүгінгі таңда атыраулық шаруалар 4,5 мың гектар жерге егін екті. Бұл аймақтағы егін алқабының 48 пайызы. Егін егу жұмыстары толықтай ​ келер айдың ортасында аяқталуы тиіс.