Мақтааралда су басу қаупі төнген тағы 3 ауыл тұрғындары эвакуациялануда

Мақтааралда су басу қаупі төнген тағы 3 ауыл тұрғындары эвакуациялануда

Мақтааралда су басу қаупі төнген тағы 3 ауыл тұрғындары эвакуациялануда
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында тағы 3 ауылға су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды  өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазіргі уақытта Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Мырзакент пен Атакент елдімекендерінің ара қашықтығы - 35 шақырым. Мырзакент елдімекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар. Ал Фердоуси елдімекенінде - 314 үй, 2377 адам, Жантақсай елді мекенінде - 95 үй, 700 адам тұрады. Апаттық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 138 адам, 8 техника тартылды. Ұлттық гвардияның 6506 бөлімшесінен - 300 адам, 300 орындық 6 автобус, 120 орындық 4 КамАЗ, аудандық полиция бөлімінен 7 техника және 70 қызметкер көмекке келген. Ал жергілікті атқарушы органнан 40 қызметкер, 5 техника тартылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Мақтаарал ауданындағы Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кеткенін хабарлағанбыз.