Алматыда газ баллоны қоймасы өртеніп, жарылыс болды

Алматыда газ баллоны қоймасы өртеніп, жарылыс болды

Алматыда газ баллоны қоймасы өртеніп, жарылыс болды
ашық дереккөзі
Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан газ баллоны қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай департаменті хабарлады.  2020 жылдың 1 мамырында сағат 14:32 –де Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Жетісу ауданы, Ратушного көшесі, 78 «Б» мекенжайында қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. «Оқиға орнына өрт сөндірушілер сағат 14:44- те жетті. «ЛТ» ЖШС аумағындағы газ қоймасы мен газ тарату станциясы жанып жатыр екен. Қоймада 50 және 25 литрлі газ баллондары сақталған. Бірнеше рет жарылыс болды. Шұғыл әрекеттің арқасында өрттің шамамен сыйымдылығы 100 текше метр болатын газ цистернасы мен жақын маңдағы тұрғын үй секторына өршуіне жол берілген жоқ»,– деді Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының майоры Денис Ярцев. Қызыл жалын оқшауланды. Өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған.