Алматыда коронавирус ошақтарының саны 366-ға жетті

Алматыда коронавирус ошақтарының саны 366-ға жетті

Алматыда коронавирус ошақтарының саны 366-ға жетті
ашық дереккөзі
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 1028-ге жетті. Қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин науқастар жайлы соңғы деректерді жария етті.  «Ауру көбінесе ересектер арасында тіркеліп жатыр. Барлық контингент бойынша айтсақ, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 37 жағдай болған (3,7%) 15-19 жастағы балалар арасында 54 жағдай тіркелді. Бұл барлық аурулар санының 5,4 %-ы болып отыр. Ең көп тіркелген 20-29 жастағы ересектердің саны -340 (34,4 %). 30-39 жастағы ересектер арасында 184 жағдай тіркелді (18,6 %). 40-49 жастағылар арасында 164 адам, 60-тан асқан үлкен кісілерден 70 адам ауырған», - деді Жандарбек Бекшин. Алматыда 8 адам қайтыс болған. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, қалада 366 инфекция ошағы бар. Оның ішінде белсенді болып тұрған 151-інде 14 күн бойы дезифекция күнде жасалса, басқа ошақтарда тек подьездерді, ал жекеменшік үйлерді апта сайын 2 рет зарарсыздандырады. Барлық ошақтар бойынша байланыста болған 14 541 тұлға анықталды. Оның ішінде жақын қатынаста болған 1468 адам провизорлық клиникада жатса, үй карантинінде 9160 адам жатыр. 2655 адам үй каранатинінен шықты.