Жаңалықтар

АСПАН АСТЫНДАҒЫ АЖДАҺА ЕШКIМГЕ ҚАУIП ТӨНДIРIП ОТЫРҒАН ЖОҚ. ӘЗIРГЕ…

Қытай мен Орталық Азия елдерi, Қытай мен Оңтүстiк-Шығыс Азия мемлекеттерi, Қытай мен Ресей, Қытай мен АҚШ, Қытай мен Жапония, Қытай мен Үндiстан… Экономикалық және саяси тұрғыда әлемдiк деңгейге ұмтылған аспан асты елiнiң дұшпаны мен досы кiм? Айбынымен әлемдi ықтыруға күш салған алып аждаһаның осал тұсы мен күштiлiгi неде?

ҚАЗАҚСТАН ГАЗЫ НЕГЕ АРЗАН?

Саудада достық болмауға тиiс едi…Ресей Украинаға беретiн газының бағасын (мың текшеметрге) 50 доллардан бiрден 160 долларға дейiн өсiрмек. Сонымен, осы екi бауырлас славян республикасы бiр-бiрiмен ортақ тiл табыса алмай, өзара жат елдерше қарым-қатынас жасауға көштi. Мың текшеметрге 160 доллар деген де көп емес, өйткенi сол Ресей газы Батыс Еуропаға 255 доллардан сатылып жатыр.

БАЙЫППЕН БАҒАЛАП, САБЫРМЕН САРАПТАСАҚ

Ел үшiн еркiндiк, егемендiктен қымбат ештеме жоқИмперия дәрежесiне жеткен кез келген мемлекет дәуiрлеудiң белгiлi бiр биiгiне көтерiлгенде үлкен бiр сiлкiнiске тап болатынын, оның соңы құлдырауға, құлдыраудың ақыры құрдымға тiрелетiнiн тарлан тарих талай рет алға тосқан. Бiрде бетiн, бiрде сыртын беретiн тағдырдың мұндай тәлкегiне таңданатын дәнеңе жоқ; таңдансақ, тарихтан сабақ алмаған, диалектика заңын бiле тұрып бiлгiсi келмеген, көзi шелденген, көңiлi майланған, аз күнгi бақты көтере алмай талтаңдаған Астамшылық деген алпауыттың аранына таңдануымыз керек. Шындығында, кезiнде төрткүл дүниенiң төбесiнде ойнаған небiр империяның түбiне осы Астамшылық жеткен ғой. Бұған «бағзы» мен «баяғыдан» сан мысал келтiрудiң де қажетi жоқ, кешегi бiр ғана Кеңестер Одағының ақыры немен бiткенiн еске алсақ та жетер!

ҰЛЫҚТАЛМАҒАН ҰПАЙ НЕМЕСЕ ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТ

(Аяқдоп жанкүйерінің маусымаралық жансарайына үңілгенде)Тағы бір маусым артта қалды. Жанкүйердің жүйкесін тоздырған маусым. Кезекті ақталмаған үміттің маусымы. Әр жүректі әдеттегіден тыс алып-ұштырып, алаңдатумен өткізген, бірақ алысқа назар салған патша көңілді су сепкендей басқан маусым.

«ЫЗҒЫРЫҚ»

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген рас-ау, Жаңабек ағамыздың «кітабым шығайын деп жатыр» деп айтқаны қашан… «Енді қашан, аға, қашан шығады?» деп біз де сарсыла көп күттік. Кітабының шыққалы жатқанын айтып келген күні де есімде. Қолында көшірмеден өткізілген газет нұсқалары бар, өзінің орнына жақсылап жайғасып алды да: «Жазушы» баспасы кітабыңды әзірле деп жатыр. Басуға көмектесесіңдер ме?» деп сұраулы кейіппен көз тастады. Қатар құрбымызша жақын сырласатын қаламгер ағамыз өтініш айтып жатқан соң, не жан қалсын, компьютердің тілін білетін бәріміз жапа-тармағай кірісіп кеткенбіз. Содан бері де бірнеше ай өтіпті. Шығармалары қолдан-қолға өтіп, компьютерге теріліп біткенше, бәрімізге жақсы таныс болған. Тек қалғаны, мұқабасы қатты, томардай кітаптың бір-біреуін құшақтап үйге қайту. Әрі өзіміз жиі «тірі классигіміз» деп қалжыңдайтын жаны жайсаң ағамыздың шиыртып тұрып, қолтаңбасын алу. Не керек, сөйтіп, біз күткен жақсы хабар, Жаңабек ағамыздан емес, кабинетімізде тұрған сары телефоннан жетті.

АЙТ ПЕН РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕЛЕРІН ДЕПУТАТТАР ТАЛҚЫҒА САЛДЫ

Осыдан оншақты күн бұрын Қазақстан халықтары Ассамблеясының съезінде Елбасы мұсылмандардың Айт мейрамы мен христиандардың Рождествосын республикалық дәрежедегі мерекелер санатына қосып, ол күндерді демалыс етіп жариялауды ұсынған еді. Сол кездің өзінде-ақ, бұл мерекелерді қазір-ақ жариялап жіберейік, Елбасыға қолдау көрсетейік деген депутат Киселевтің (Асар партиясының өкілі) екпінін Мәжіліс төрағасы әрең басқан. Орал Мұхамеджанов осы мерекелердің жайын реттеп отыратын арнайы заңның бар екендігін, оған кәдімгідей толықтырулар мен өзгерістер енгізудің қажеттілігін алға тартқан еді.

«Еуразия-ОРТ» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫН МОЙЫНДАМАЙТЫНДЫҒЫН ТАНЫТТЫ

«Халық дабылы» қозғалысы төрағасының орынбасары Кенесары Қаптағаев «Еуразия-ОРТ» телеарнасымен соттасқанына біраз уақыт өтті. Талапкердің айтары біреу. Аталған телеарнаның Қазақстан заңдарын белден басып, оған мойынсұнбай отыруы.

«…СІЗ ДЕ БІЗДЕЙ БОЛАСЫЗ»

Діни әдет-ғұрыпқа келгенде, біздің білетінімізден білмейтініміз көп. Бүгінде қала көшелерінен бастап, еліміздің түкпір-түкпіріне жетелейтін жол тораптарының бойында әрқилы белгі-ескерткіштер жиі кездеседі. Адам жол апатынан қаза тапса, сол жерге туыстары барып, ескерткіш орнататын болған. Жақынынан айрылып, қабырғасы қайысып отырған жандардың қайғы-қасіретін түсінуге болады. Десек те, Қазақстаннан өзге мұсылман елдерінде адам жан тапсырған жерге ескерткіш белгі орнату дәстүрі жоқ екен. Діни әдет-ғұрыптарға қатысты сауалдарға ҚМДБ-ның діни уағыз, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Әбдімүтәлі Дәуренбеков жауап берді.

Интернетте «Түркістанның» сайты бар

Сүйінші! Интернетте «Түркістанның» сайты бар. Енді көзіқарақты оқырман «Түркістанмен» интернет арқылы таныса алады. Қазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын шет елдегі қандастарымыз да газетімізді дер уақытында оқи алатын болады. Сайт әр нөмір сайын жаңартылып отырады. Сонымен, «Түркістанның» интернеттегі нұсқасы – www.turkystan.kz.

Түркия Мәжілісінің депутаты Өмір Білгін: ТҮРКІНІҢ ДҰШПАНЫ КӨП. ЕҢ БАСТЫ ДҰШПАНЫ – ӨЗІ…

Өмір Білгін – Түркия Парламентінде 25 жылдан бері депутат. Саяси сахнада жүргеніне 35 жылдың жүзі болған Білгін мырза – «Тура жол» партиясына 20 жылдан бері мүше. Бізге «Көшедегі әр қазақты құшақтай алып, құшырлана өпкім келіп тұрады» деп ағынан жарылған түркиялық депутат түбі бір түркіні «қағынан жеріндіруге» тырысатын Батыс пен АҚШ-тың тегеурініне төтеп беру үшін түркі мемлекеттері бірігу процесін жеделдетуі және сыртқы күштің арандатушылық әрекеттеріне бой ұрмауы тиіс деген пікірде.

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...

ҰБТ: телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды

Ақтөбеде қосымша құрал, телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды. Ақтөбе облысы бойынша аудандарда ҰБТ тапсырып, алғашқылары сүрінді. Көбі «шпаргалка» пайдаланып, ұялы телефон алып...