Жаңалықтар

ҚАЗАҚ СПОРТЫНЫҢ БIР ЖАНАШЫРЫ

Қазақ әдебиетiнде спорт тақырыбын көркем шығармашылыққа әкеп кiрiстiрген жазушылар туралы айтсақ, бiр-екi жазушымен ғана шектелiп қаламыз. Сейдахмет Бердiқұлов, Несiп Жүнiсбайұлы…

ЖОЛДАУДАН КЕЙIНГI ЖОТАЛЫ IСТЕР

Елбасы Жолдауын жыл аяғында қайта бiр зерделесек…«Төбесiз жер болмайды, төресiз ел болмайды». Мен Кеңес Одағы кезiнде осы сөзде соншалықты мән-мағына, айтар ой болды дегенге аса ден қоя қоймайтынмын. Өйткенi, социализм дәуiрiндегi ұлт дамуы процесiнде бұл сөздiң талап-тiлегi, айрықша қасиетi ашыла бермейтiн. Ал ендi егемен ел атанып, ұлттық шаңырағымыздың уығын түзеп, үзiгiн жалғағандай болған кезiмiзде қазақ атамыздың отбасы, ошақ бұты Отанға ие жұрттың Елбасы болатынын айғақтап, шегелеп кеткен қанатты сөзi менi заңгер әрi қаламгер ретiнде ден тәнтi етедi.

ӨЗ АҒАМ

Сазгер Шәмшi Қалдаяқов туралы үзiк сыр1988 жылдың күз айы болатын. Мектептерде жаңа оқу жылы басталып та кеткен. Аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Исмат Тұрсынқұлов шақырып жатыр дегеннен соң жұмыстарымды тез-тез жинастырып болдым да, аудандық партия комитетiне келдiм.

ДЖОН ЛОНЫ ЖЕК КӨРУ НЕМЕСЕ ДАМУ ДҮДАМАЛДЫҒЫ ҚОСЫП ЖАЗУ ҚАЗАҚСТАНДА СӘНГЕ АЙНАЛДЫ

Африкадағы табиғаттың төл баласындай масаи халқында әдемi аңыз бар: ержүрек, ептi масаи жiгiтi әсем антилопаны жаралап, ұзақ уақыт – күн-түн қатып қуалап, шалажансар күйде қолға түсiредi. “Ая менi, аңшы жiгiт, туған саваннаға тiрi жiбер, – деп қиылып өтiнедi жаралы жануар. – Есесiне мен саған табиғаттың бар құпиясын айтып беремiн. Жапырақтардың тiлiн түсiнетiн боласың”. Антилопаның жалынышын құлағына iлмеген қатыгез аңшы жаралы жануарды аяусыздықпен өлтiрiп, содан берi адамзат табиғаттың құпиясын бiлу, тiлiн мүлде түсiнуден қалған.Мiне, сол масаилар сияқты, қазiр адамдар Қазақстан экономикасының заңдылықтарын түсiнуге шамасы келмей, миы қатып жүр.

Жылдың ең айтулы оқиғасы: Мәдениет ӘЛЕМ ТАНИТЫН «КӨШПЕНДIЛЕР»

Тауық жылы Мәдениетiмiздi де құр қалдырмады. «Түскенiнен түсiрiлгенi қызық» болған «Көшпендiлер» фильмi БАҚ бiткендi бiраз шулатып, даңғазамен, дабырамен, әйтеуiр жарыққа шықты-ау. «Көшпендiлер» көрсетiледi екен деген хабарды ести сала, тайлы-таяғымыз қалмай, «Алатау» кинотеатрына ағылғанбыз. Кiмнен кiнә кеткенiн қайдам, бiреуде бар артық билет, бiреуге жетпей, ақыр-аяғында есiктi күзеткен күзетшiлермен таласып-тармасып жүрiп, iшке енгенбiз. Түсiрiлмей жатып-ақ, сценарийден басталған дау кино бiткенше бiр толастамай қойған соң, бәрiмiзде де қандай болды екен деген күптi көңiл бар. Шетелдiк актерлер сомдады десек те, «Көшпендiлер» – өзiмiздiң төл туындымыз. Ал төл дүниемiздiң жақсы шығуы бiзге зор мәртебе.

Жылдың ең айтулы оқиғасы: СПОРТ

Марат МӘЗIМБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНЫМДЫ ЕШБIР МЕМЛЕКЕТКЕ АЙЫРБАСТАМАС ЕДIМТауық жылы бiтуге таяу. Жетi қазынаның бiрi саналатын Иттiң де табалдырықтан аттауына санаулы күндер ғана қалды. Жаңа жыл, жаңа қадам, жаңа жетiстiктер, жеңiстер… бәрi-бәрi алда. Ал, соңғы парақтарын ендi ғана жапқалы жатқан Тауық жылы несiмен құнды, несiмен есте қалмақ?! Саяси оқиғалардың жөнi бiр басқа, ал мәдениетiмiзде, өнерiмiзде, спортымызда қандай жетiстiктерге жеттiк, санамалап көрелiкшi… Мәдениетiмiз бен өнерiмiздi былай қойғанда, спортымызда Тауық жылы бiзге кәсiпқой бокстан қазақтан тұңғыш әлем чемпионын сыйлады. Оның тағы бiр құндылығы, айтулы жеңiстiң өзге мемлекетте емес, Қазақстанда, Алматының қақ төрiндегi Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтуi болды. Дүниенi дүр сiлкiндiрiп, IBA және WBO тұжырымдамасы бойынша кәсiпқой бокстан әлем чемпионы атанған Марат Мәзiмбаевпен Тауық жылымен қоштасар шақта жолығып, сұхбаттасудың сәтi түскен едi.

ШЫҒЫСАЗИЯЛЫҚ САММИТ

Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi үшiн ғана емес, Қазақстан үшiн де аса маңызды болатын. Бiрақ қазақстандық билiк «әдеттегiдей» «қолын мезгiлiнен кеш сермеп» қалды…Шығыс Азия мемлекеттерiнiң бiрiгуi кейiнгi кездерi жүйкелерi жиi сыр берiп жүрген кейбiр алпауыт елдерге сын болмақ. Ал Жапония мен Қытай арасындағы алауыздық Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнiң ынтымақтастыққа деген ынтасына керi әсерiн тигiзедi. Өз пайдасы үшiн Кремль Азия алпауыттарының бұл интеграциялық процесiнен шет қалмайтыны анық. Оның бiр дәлелi, Малайзия Ресейден 1 миллиард долларға жуық қаржыға қару-жарақ сатып алатын боп келiстi. Ал қашан да көштiң соңында жүретiн Қазақстан бұл жолы да қолда бар мүмкiндiктi пайдалана алмады.

НАН БОЛСА, ӘН ДЕ БОЛАДЫ

Желтоқсан айы ауыл шаруашылығы үшiн онша қолайлы уақыт емес сияқты. Дегенмен, осы айдың орта тұсы аграрлық салаға қатысты жаңалықтарға толы болды. Осы кезде Қазақстанда 2003-2005 жылдарға арналған 3 жылдық «Ауыл» бағдарламасының қорытынды нәтижелерi жария етiлдi.

МАҢҒЫСТАУДА КЕМ ТУҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАУЛЫ МЕКТЕП КЕРЕК

Кеше Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Орал Мұхамеджанов төрағалық еткен жалпы отырысында Зейнолла Алшымбаевтың депутаттық сауалы халық қалаулыларының ерекше назарын аударып, қолдау тапты. Ол сауал Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Бiрғаным Әйтiмоваға жолданды.

Жыл қорытындысы: ЭКОНОМИКА

ИНФЛЯЦИЯ: ҰЛТТЫҚ БАНК УӘДЕСIН ОРЫНДАЙ АЛМАДЫҚазақстанның қаржы-несие саясатын жүргiзушi, теңгенiң «қамқоршысы» Ұлттық банк 2005 жылы ұлттық валютаның құнсыздануын өзi жоспарлағандай дәрежеде ұстай алмады. Дәлiрегiнде, инфляцияны ауыздықтай алмай қалды. Ұлттық банк инфляцияның 2005 жылға арналған деңгейiн 5,2-6,9 пайыз аралығында өлшеп қойған едi, ал Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi оның деңгейiн 5-7 пайыз болады деп жоспарлаған. Ал инфляцияның шын мәнiндегi деңгейi жыл аяғына дейiн 7,5 пайызға жететiн түрi бар. (Жыл қорытындысын, Ұлттық банктiң қаңтар айының орта шенiнде ғана жасайтындығын ескерсек, ресми ақпаратты екi аптадан кейiн ғана бiлетiн боламыз). Қараша айының өзiнде инфляцияның жылдық деңгейiнiң 7,5 пайызды құрағандығын еске алсақ, желтоқсан айының iшiнде бұл көрсеткiштiң онан артпаса, кемiмейтiнi белгiлi. Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов инфляцияны ауыздықтай алмағаны макроэкономикалық жағдайдан көрiп отыр. Инфляцияның бұл жылғы ауытқуына әлемдiк рыноктегi мұнай бағасының жоғарылығы, тұтыну сұранысының өсiмi, банктердiң экономика мен жұршылықты несиелеудегi белсендiлiгi әсер еткен.

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...

ҰБТ: телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды

Ақтөбеде қосымша құрал, телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды. Ақтөбе облысы бойынша аудандарда ҰБТ тапсырып, алғашқылары сүрінді. Көбі «шпаргалка» пайдаланып, ұялы телефон алып...