Жаңалықтар

Балқаш АЭС­i қауiптi бомбаға айналмай ма?

Адамзат күн өткен сайын бағасы тоқтаусыз шарықтап бара жатқан сұйық алтын – мұнайдың энерготасымалдаушы шикiзат ретiнде өткен күндер еншiсiнде қалдырылатынына ерiксiз илана бастағаны аян. Әсiресе соңғы күндерi бiр баррель мұнайдың бағасы 70 долларға жақындап, одан әрi 100 долларға жетедi деп күтiлiп, жұрт әлемдiк экономикаға бұрын-соңды болып көрмеген ауыр қауiп төнгенiн мойындағаны рас. Соңғы 100-150 жыл көлемiнде атышулы қара алтын айналасында қаншама соғыстар болып, сансыз мемлекеттер мен патшалықтардың шаңырағы күйреп, ортасына түстi, қаншама бейкүнә қан төгiлдi екен?! Бiрақ, бұл қиын түйiн бiржола күшпен шешiмiн табуы мүмкiн емес, дүркiн-дүркiн болып тұратын әлемдiк саяси, экономикалық дағдарыстар соның айғағы.

АҚ ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫН АЛАМЫЗ БА?

Ендi бiр күннен соң –10 ақпан күнi әлем аңсай күткен қысқы Турин Олимпиадасының алауы жағылады. Араға елу жыл салып Олимпиада ойындары романтикаға толы Италия жерiне қайтып оралды. Тарихы ғасырлар тереңiне тартатын ежелгi Турин қаласында өткелi отырған бұл Олимпиада – қысқы спорттық ойындардың iшiндегi ең таңдаулысы болады деп күтiлуде. “Турин-2006” Олимпиадасын ұйымдастыру комитетiнiң уәдесi осындай. Ал той, көңiл көтерер думан десе iшкен асын жерге қоятын шат көңiл итальяндықтардың сөзiне әрқашан сенуге болады. Жер-жаһанның түкпiр-түкпiрiнен жиналған саңлақ спортшылар мен тарландар әлден-ақ Турин қаласының түбiндегi Сестриер мен Бардонеккио тау деревняларына орналастырылып, жарыстарды тамашалауға мүмкiндiк беретiн 1 млн. билеттердiң бәрi түгелдей дерлiк өз иелерiн тапты. Қысқы ойындардың ашылу салтанаты мен қоштасуы өтетiн “Stadio Olimpico” стадионына кiру билеттерiнiң құны 600-850 еуро болып отыр.

«ЖIГIТТЕР»: БIЗДI ТАНЫМАЛ ЕТКЕН «ЕРКЕ ҚЫЗ»

Қазақ талантқа кенде емес. Қазақтың, «Әу демейтiн қазақ жоқ» деген қағидасы және бар. Бұлбұл әншiсi де, төкпе жыршысы да, сал-серiсi де, шебер күйшiсi де бар қазақтың. Аузын ашса көмейi көрiнетiн аңқылдаған жайдары қазақтың маңдайына өнердi Құдай аямай-ақ берiптi. Әсiресе, сызылта салған әнi мен төгiлте шерткен күйiнiң жөнi бiр басқа.

ТIЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТАҒЫ АТҚА ҚОНДЫ

Мемлекеттiк тiл қашан өз үстемдiгiн құрмайынша, тiлдiң жоғын жоқтап, мұңын зарлайтын топтың күресi басылмайтыны анық. Басылмағаны сол, тiлдi қорғап, ендi «Қазақ тiлi» қоғамы ғана емес, қоғамдық қозғалыстар да белсенiп iске кiрiстi. Кiрiсiп қана қоймай, аптаның соңына қарай, «Менiң тiлiм» атты мәслихат өткiздi. Мәслихатқа зиялы қауымның өкiлдерi бар, «Халық дабылы» қоғамдық қозғалысының мүшелерi бар, бiрқатар азаматтар қатысып, өз пiкiрлерiн ортаға салды. «Қазақконцерттiң» үлкен залында ине шаншар орын қалмапты. Тiлдiң тағдырын қозғағалы жатыр деген ақпаратты естiген соң, жүректерi шыдап үйлерiнде жата алмаған болуы керек, тiлдiң жанашыры боп жүрген аға-апаларымыздың көбi жиналыпты. Тiптi, Парламент депутаты, көрнектi қоғам қайраткерi, ақын Мұхтар Шаханов та келiптi. «Кiшкене сырқаттанып қалып едiм. Соған қарамастан, тiлдiң жайы сөз болады деген соң, үйде тыныш жата алмадым»,–дейдi.

Мархабат БАЙҒҰТ: ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢҚАРА ЖҰМЫСЫН АТҚАРЫП ЖҮРМIЗ

Республикамыздың облыстары мен Астана, Алматы қалаларында тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармалардың құрылып, жұмыс iстей бастағанына аса көп те бола қойған жоқ. Шындығын айтқанда, ол басқармалардың нақтылы немен айналысатынын, қандай тiрлiктер тындырып жатқанын жұртшылық жан-жақты бiле бермейдi. Кейде тiптi үстiртiн, ұшқарылау пiкiрлер де айтылып, жазылып жататыны бар. Бiз осыған орай, Оңтүстiк Қазақстан облысы тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының бастығы, белгiлi жазушы Мархабат Байғұтқа бiрқатар сұрақтар қойып, әңгiмелескен едiк.

ҰЛТТЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН СЫНШЫ

Егер ХIХ-ХХ ғасыр әдебиет тарихына көз жүгiртсек, оның даму негiзiнiң “өлшем бiрлiгi” он жылдықтар болып саналады. Әлi де солай. Бұл әлем әдебиетi деген ұғымнан өсiп-өнген өлшем. Ендеше оны тiлi мен дiлi бар, дәстүр мен салты, әрi әдет-ғұрпы қалыптасқан қай ел-жұрттың болмасын әдебиетi мен мәдениетiне тең телитiн ұғым-түсiнiк ретiнде қабылдау керек. Бiздiң поэзияға, прозаға, драматургияға, сынға 20-30-40-50-60-шы жылдары келген толқын деп жататынымыздың да сыры сонда. Әрине бұл мәселе туралы алуан-алуан пiкiр айтып, сан түрлi ой түюге болады. Бiрақ соған қарамастан ол тарихи-шығармашылық фактi.

МҰҚАҒАЛИ–МҮСIН НЕМЕСЕ ҚАР ЖАУҒАН ТҮНДЕ

Сағат түнгi екiнi соқса да, Бақыт пен Қайраттың үйге қайтқысы жоқ. Бәрiмiздi жандарына иiрiп алып, жiбергiсi келмейдi. Кешкiсiн басталған жауынның соңы қарға ұласып, айнала аппақ нұрға бөленген. Ақ ұлпа қар ұшқындарына қолымызды тосып, бәрiмiз мәз-мейрам боп жатырмыз. Уысында сығымдалған қарды умаждап тұрған Бақыт:– Қыздар, мынадай сұлулықты қиып, үйге қалай қайтпақсыңдар. Тағы да жүре тұрайықшы,–дедi. Iле-шала оның ойын Кәмила да қостады.

ҚАЗАҚ ПЕН ОРТААЗИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҒЫН КIМНЕН ҚОРҒАУ КЕРЕК?

Жоғарыда айтылған Жабал Шойынбеттiң мақаласы оқырмандар iшiнде үлкен пiкiр-талас туғызды. Ұлт тағдыры мен ислам дiнiнiң болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтар редакциямызға хабарласып, өз пiкiрлерiн бiлдiрiп жатты. Оқырманды сан-сауалдар толғандырады: «Миссионерлер есiк қағуды қойып, ғылыммен айналыса бастаған ба?», «Қазақ халқының тарихына Несторияндық мәсiхшiлдiктiң қандай қатысы бар?», «Қазақ пен ортаазиялықтың ұлттығын кiмнен қорғау керек?», тағысын тағылары. Чарльз Уеллердiң кiтабының тақырыбымен үндес соңғы сауал аса өзектi болған соң, бiз осы мәселе төңiрегiнде ҚР-сы Парламент депутаттары мен дiнтанушылары арасында сауалнама жүргiздiк.

Чарльз Уеллер: ҚАЗАҚСТАНДА ХРИСТИАН ДIНIНIҢ ТАРАЛУЫНА ҚАРСЫ БОЛА АЛМАЙМЫН

«Түркiстан» газетiнiң бiр нөмiрiнде (№43 (599) 28 қазан 2005ж.) Жабал Шойынбеттiң «Бұл кiтап кiмге қажет, не үшiн қажет?» атты мақаласы жарияланған едi. Онда америкалық Чарльз Уеллер басқаратын «Орта Азияны тарихи-мәдени зерттеу институтының» қолдауымен шыққан «Қазақ халқының ұлттық мәдениетi» (2003 ж.), және «Түркiстандағы сенiм» (1991 ж., 2004ж.) сияқты қазақша кiтаптар жайлы айтылған. Автор өз мақаласында кiтаптардың басты мақсаты – ұлтымызға тән емес Несториандық мәсiхшiлдiктi қазақ халқына уағыздау деген едi. Жақында бiз Чарльз Уеллердi «Темiрқазық» пiкiр-сайыс клубында кезiктiрдiк. Бүгiнде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетiнiң iзденушiсi Чарльз мырза өзi басқаратын орталықтан тағы бiр кiтап – «Қазақ пен ортаазиялықтардың ұлттығы мен елдiгiн қорғау» атты еңбегiн шығарып, отандық саясаттанушылар мен студент жастарға үлестiрiп жатыр екен. Кiтаптың бiлдей бiр тарауын протестант дiнiне арнапты. Бiздiң көкейiмiздi «Чарльз Уеллер кiм?» деген сауал ерiксiз торлаған соң, бiз шетелдiк мейманды әңгiмеге тарттық.

ТYРКI ДYНИЕСIНЕ ХАТ

Түркi тiлдес қайтсе түгел болады?Бүгiнде көптеген шекаралар ашылып, халықаралық қатынас, әр ел жұртшылығының, түрлi сала мамандарының тiкелей араласы артқан заман. Осыған орай олардың тiкелей тiлдесу, тым болмаса түсiнiсе алу қажеттiгi туады. Бiрақ жұрттың бәрi аудармашы ала алмайды және аудармашы арқылы тiлдесу тиiмдi де емес. Барша жұрттың бiрнеше тiлдердi оқып-бiлiп жүруi де қиын iс. Тек олар кей тiлдердi там-тұмдап бiле әрi сол бiлiктерiн қолдан келгенше жетiлдiре алады. Бұл әсiресе туыс тiлдер арасында мүмкiн жайт.

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...

ҰБТ: телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды

Ақтөбеде қосымша құрал, телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды. Ақтөбе облысы бойынша аудандарда ҰБТ тапсырып, алғашқылары сүрінді. Көбі «шпаргалка» пайдаланып, ұялы телефон алып...