Алдағы президент сайлауы елдегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені бұл сайлау елдің ертеңін анықтайтын негізгі фактор. Ендеше, сайлаудан соң, сан соғып қалмас үшін дұрыс таңдау жасағанымыз абзал.
Осы аптада «Ұлт тағдыры — ел тағдыры» қозғалысы аталған ұйымның атын басқаша атайтындықтарын айтып, баспасөз мәслихатын өткізді. Оның себебі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бұған дейін «Ұлт тағдыры» деген атпен басқа қозғалыстың тіркелгендігі себепті, бұл қозғалысты тіркеуге алмайтындықтарын мәлімдепті.
Франциядағы дүрбелеңнің дүниежүзілік үрейіБүгінгі күнге дейін Батыстың аса дамыған алпауыт елдері тоқмейілсінгендері соншама, өз ішіндегі әлеуметтік, саяси, тіпті, экономикалық ахуалды кейінгі қатарға ысырып тастап, бүкіл әлемдік ауқымды мәселелерді, жаппай демократия, үздіксіз прогресс, заманға сай өркениет жайттарын ғана сөз етуге ысқаяқтанғаны соншалықты, аңыздағы Танталдың михнатынан ауыр бейнет шегіп жүргендей көрінетін. Ғаламдық ауыр ажырғыны сүйреп келе жатқан сияқты аңғарылатын дамыған елдер өздеріндегі қауіпті дертті байқағысы келмей, өзгелерге үлгі болып, жөн сілтеуге құмар-ақ. Несі бар, «Керуен кері бұрылса – ақсақ түйе алға түседі». Осы қағидаға сай ма, әлде дүние шынымен шыр айналды ма, соңғы жылдары жаһанды өз ыңғайларына орай қайта құрмақ боп әуреленіп жүрген жеңілтек Еуропаның өз ішінде жинақталған күрделі проблемалар қатерлі ісік болып жарылғаны. Қоғам шытырлақ, тез сынатын әйнек, әлсіз қосылыс түрінде ұзақ өмір сүре алмайды, оны берік бекітетін ортақ мызғымас ұстаным, біртұтас идея жоқ жерде бүлдіргіш әрекеттер, дүмпудің болатыны баршаға мәлім болғанымен, осы жолғы бүліктің басталуы талай кәнігі саясат ойыншылары, қоғамдық қайраткерлер, сандаған сарапшылар, мамандар үшін ашық күнде жасын ойнағандай төтенше әсер етті.
Еліміздегі өркениет ең алдымен қазақтардың болашағына байланыстыМақтағанды кім жек көреді?! Біреу еліміз туралы жақсы пікір танытып жатса, оған біздің ішіміз жылиды. Керісінше, Қазақстанды сырттан жамандағандай жан табылса, оны жақтырмай, тіксініп қаламыз. Бұның бәрі дұрыс-ау. Бірақ өмір шындығы адамның көңіл-күйі мен қас-қабағы дегенді танымайды. Өйткені танығысы келмейді. Оған жағу қиын. Жақпай қалу оп-оңай. Сол өмір шындығы біздің қазақ қоғамының соңғы 70-80 жыл ішінде, оның ішінде соңғы онжылдықтың ішінде қазақ қоғамында көптеген өзгерістердің болып үлгергенін көрсетеді. Бұны көргісі келген көрді, көргісі келмеген көрмеді. Бірақ бұдан өзгеріп жатқан ештеңе жоқ. Сондықтан уақыт оздырмай, тиісті тұжырымдарды дер кезінде жасап тұрғанымыз дұрыс болар.
Әдетте «қара алтын қорына» бай кез келген мемлекет мұнай-химия саласының артта қалмауына жағдай жасайды. Ал жылына 60 млн. тонна мұнай-газ конденсатын өндіретін Қазақстанда мұнай-химия саласын қазірде төрт аяғынан тік тұрып кетті деу қиын шығар. Өйткені, елдегі мұнай-химия өнімдерін өндіретін аз-маз обьектілер жартыкеш күйде. Ақтауға пластмасса өнімдерін шығаратын зауыт толық қуатымен жұмыс істеп жатқан жоқ. Газ өндіруәзірге ойда болғанмен бойда жоқ. Әлі күнге дейін Ресейдің зауыттарына қол жайып отырмыз. Мұнай өндіретін зауыттар қожайындарына ыңғайлы маусымда іске қосылады, ыңғайсыз уақытта мүлдем тоқтап қалады. Шымкент мұнай өңдеу зауытын кезінде уыстан шығарып алған Үкімет оны кері қайтарудың жолын әлі таба қойған жоқ. Бірақ шенеуніктердің бір мезеттік лепірме мәлімдемелері бәрін де ап-айқын, жап-жарқын ете қояды.
17-қарашада Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткерлердің арасында тұңғыш рет тікелей эфирден телесайыс ұйымдастырылды. Бұл телесайысқа президенттіктен үміткер бесеудің төртеуі қатысты. Ал, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев Украинада ресми сапармен жүргендіктен, ол телесайысқа қатыса алмады.
Соңғы жылдары онсыз да аласапыранға толы әлемді одан әрмен кикілжің мен шиеленістерге толтыруды, тым болмаса, адамдар мен халықтар арасында алауыздық туғызып, ала тайдай бүлдіруді өзіне басты мақсат етіп қойған кісілер немесе белгілі топтар жиі бой көрсетіп жүргені аңғарылады. Күз басында елімізге АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс ханым арнайы сапармен ат басын тіреп, екі мемлекет арасындағы достық, өзара ынтымақтастық, халықаралық жағдайлар туралы келелі әңгіме қозғар тұста бүйректен сирақ шығарған лақап, бүлдіргі сөз қылаңытқан. Жел сөз тағы да Ресей тараптан шықты.
Парламент депутаттарының қуанышында шек жоқ. Әйтпегенде ше, өйткені, олар тарихи құжатты қабылдап отыр ғой. Иә, Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы мемлекеттік шекараны бекітетін құжатты «тарихи» демегенде не дерсің. Өткен аптада Мәжіліс депутаттары мұндай жетістікке жеткен де бар, жетпеген де бар деп жиылыс соңында ел әнұранының орындалуын талап еткен еді. Бұл жайлы «Түркістан» газетінде жазылды да (17-қараша 2005 жыл). Осы аптада да Сенат депутаттары алдарына Мәжілістен келген заң жобасын қарап, дәл сондай сценарий бойынша сөз қозғады.
Президент осы аптада Үкіметтен есеп алды. Даниал Ахметов бастаған министрлер командасы осыдан екі апта бұрын ғана Парламенттің қос палатасы алдында өз жұмысын талқыға салған болатын. Бірақ біздің Үкімет үшін Президент алдында есеп беру мен халық қалаулылары алдында есеп жүргізудің салмағы, әрине, салыстыруға келмейді. Халық қалаулылары алдында есесін жібермеген Үкіметке Президент сесі оңай тимеген сияқты.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының XI сессиясының басты жаңалығы – осыҚазақстан халықтарының Ассамблеясы өзінің он жылдығын атап өтті. Осыған орай, Астанада сейсенбі күні өткізілген XI сессияның күн тәртібінде бір ғана мәселе талқыланды: халықаралық келісім, азаматтық және бейбітшілік. Мәселенің бұлай қойылуында осы он жыл уақыттың ішінде Қазақстанда бейбіт, тыныш өмірдің сақталуын Ассамблеяның еңбегіне жатқызу астарланғандай сезілді. Ашылу салтанатында тамашаланған бейнекөріністің мазмұны: 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ, 2002 жылғы Ресейдегі Норд-Ост, 2005 жылғы Франция оқиғаларын тізбелеп, Қазақстандағы мамыражай тіршілікпен салыстырудың түпкі ойы бір жағы тәубаға келуге жетелесе, екінші жағынан көршінің ауласына көсемси көз тастауға еліткендей болды.
Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде.
Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....
2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...
Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.
«Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...
Ақтөбеде қосымша құрал, телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды.
Ақтөбе облысы бойынша аудандарда ҰБТ тапсырып, алғашқылары сүрінді. Көбі «шпаргалка» пайдаланып, ұялы телефон алып...