Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз – Елбасы халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз – Елбасы халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз – Елбасы халықты Наурыз мерекесімен құттықтады
ашық дереккөзі
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, – деп хабарлады Елбасының ресми сайты. «Құрметті отандастар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз. Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең. Биыл біз Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз. Оның өзіндік себебі бар. Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық. Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды. Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Елбасы. Н.Назарбаев еліміз алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімділік білдірді. «Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін. Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын. Баршаңызға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – делінген құттықтауда.