Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавируспен күресуге 1 млрд теңге бөлді

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавируспен күресуге 1 млрд теңге бөлді

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавируспен күресуге 1 млрд теңге бөлді
ашық дереккөзі
Оператор болып Halyk қайырымдылық қоры белгіленді. Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаевтың тарапынан бұл қайырымдылыққа арналған алғашқы қаражат емес. Еске салсақ, кәсіпкерлер Арыс қаласына апаттан соң бірден барды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге апат салдарынан келтірілген залал мөлшерімен танысты, содан кейін әлеуметтік маңызы бар объектілер – мектеп пен балабақшаны қалпына келтіру бойынша шешім қабылдады. Бұл мақсатқа Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді. Аталған бастаманы Халық банкінің Halyk қайырымдылық қоры қолдады. Осындай қайырымдылық акциялары коронавирус инфекциясының та­ралуына жол бермеу үшін Елбасының ше­шіміммен Тұңғыш Президент Қоры есебінен 200 миллион тең­ге бөлінуінен басталған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында коронавирусқа қарсы кү­­реске арналған қаражаттың дұ­­рыс жұмсалуын Nur Otan пар­тия­сы бақылауында ұстайды деп сенім білдірді. Сондай-ақ, бұған дейін  Nur Otan партиясы тарапынан карантин кезінде қарттар, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 миллион теңге қарастырылғаны хабарланған болатын. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек инстаграмдағы парақшасында жазды. «Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен Jas Otan волонтерлары халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп беретін болады. Бүгінгі таңда елімізде 49 адамның коронавирус жұқтырғаны ресми түрде тіркелді. Науқастардың 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, 2-еуі Қарағандыда. 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуірге дейін жалғасады. Ал 19 наурыздан бастап осы екі қала карантинге жабылды.