Өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге 32 миллиард теңге бөлінеді
20 наурыз, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге 32 миллиард теңге бөлінеді
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірдегі тұрғындарды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 32 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді.
«Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қаралған. Бұл жұмыстарға 32 миллиард теңгеден аса ақша бөлу жоспарланып отыр (республикалық бюджеттен – 14,8 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 18 миллиард теңге)», – деді Тоғжанов.
Сондай-ақ, ол қажет тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң заңды шаралар қолданылатынын ескертті.