"Сөзбен емес, іспен дәлелдейік": Тұрсынбек Қабатов отбасымен маска тігіп, тегін таратуда

"Сөзбен емес, іспен дәлелдейік": Тұрсынбек Қабатов отбасымен маска тігіп, тегін таратуда

"Сөзбен емес, іспен дәлелдейік": Тұрсынбек Қабатов отбасымен маска тігіп, тегін таратуда
ашық дереккөзі
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты карантинде отырған отандастарын ізгі іс жасауға шақырды. Өнер иесі отбасымен бірге бетперде тігіп, мұқтаж жандарға тегін таратпақ. Бұл туралы ол Instagram желісінде хабарлап, қазақстандықтарды жақсы іс істеп жарысуға үндеді. Тұрсынбек Қабатов өз парақшасына жариялаған видеода дайын маскаларды тегін алып кетуге болатынын жеткізді. Ал алып келуге мүмкіндігі жоқ жандардың үйіне жеткізіп беруге әзір екенін айтты. «Құрметті достар, құрметті бауырлар. Мына вирус қазақ елін айналып өтпеді. Бізге де келіп жетті. Жұқтырып алғандардың саны күн санап артуда. Соған көңіл күйіміз түсіп, жүрегіміз ауырып жатыр. "Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп Бауыржан Момышұлы ағамыз айтқандай, тәртіпті сақтайық. Міне, үйде отырмыз. Карантин. Бірақ, бос отыруға болмайды. Осындайда бірігуіміз керек. Біз үйде отырып маска дайындап жатырмыз. Оларды жуып, үтіктеп қайта киюге болады. Түрлі түсті болуы креатив үшін емес. Гигиена үшін, отбасы мүшелері маскаларды шатастырып алмас үшін. Бұл маскаларды тегін таратпақпыз. Қазір дәріханаларда таусылып немесе бағасы шарықтап кеткен жағдайда халыққа қол ұшын созуды көздеп отырмыз», - дейді өнер иесі. Тұрсынбек Қабатов қазақстандықтарды ауызбіршілікке шақырып, осындай қиын сәтте көмекке мұқтаж адамдарға көп болып қолдау көрсетуге шақырды. «Осындайда бірігейік, ағайын. Ән мен сөзбен емес, іспен дәлелдейік. Үйде отырып, үш-төрт маска тігіп, жақындарыңызға да таратсаңыз қандай жақсы болар еді. Нағыз челлендж деп осыны айтар едім Жақсы іс істеп жарысайық. Нағыз жанашырлығымызды осындайда көрсетейік» , - деді әзілкеш.