Наурыз және тұрақсыз әлем
Наурыз және тұрақсыз әлем
Қалыптасқан тіршіліктің ырғағын «жайлы өмір» деп бауыр басып қалатынымыз жасырын емес. Дүние бір қарағанда өзгермейтін, оңбайтындай болып көзді алдайтынын қайтерсің. Алайда адамзат үшін айдан анық болған сыр – өркениеттің ұдайы өзгеріске тән екенін бір уақ естен шығарып алатынымыз бар.
Ғаламдық-экологиялық өзгерістерді неге деградациясы деп қабылдаймыз? Егер жер бетінде мұз дәуірі тұра берсе, адамзат осындай жағдайға жетер ме еді? Табиғи өзгерістер үшін неге күйзеліске түсуіміз керек? (Әрине, табиғатты қорғауымыз қажет). Жер шарының табиғи ресурстары адамзатты қамтамасыз етуге қауқары азайды, таза су тапшылығы болады, дейді мамандар. Алайда алдағы ұрпақтың тұрпаты қандай болатынына көз жете ме?
«Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа». «Дүние бір қалыпта тұрмайды». «Әрбір мақлұққа Құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ» дейді Абай.
Қазір әлемдегі тұрақсыздық адамзаттың біраз бөлігін күйзеліске ұшыратып отыр. Мүмкін қазір әлемде үлкен соғыс жүріп жатқан шығар? Соғыстың сипаты өзгергенімен, мақсаты өзгерген жоқ...
Уақыт қысқарды, теңіздер тартылды, ғаламдық жылыну және таза су тапшылығы байқалды деп дабыл қаққалы қашан.
Адамзат баласына уақыт бірқалыпта тұрады, табиғат тозбайды, су таусылмайды, ғаламды мұз басу немесе жаппай жылыну секілді тұрақсыздық болмайды деп біреу кепілдікке беріп пе?
НASA адамзаттың жетістігі. Бірақ қазақ соншалықты ғылымнан мақау емес қой. Мысалы, академик Ақжан Машани ғаламның өзгерістерін табиғи құбылыс екенін жазыпты. Әрние, ұлы ұстазы әл-Фарабидің іліміне сүйенген. Еш нәрсені ауадан алған жоқ. Астрономия, миф, есеп, логика, пайым бәрі тас-түйін ұштасады. Жазу тілі қарапайым да ұғынықты.
«Күн мен түннің теңелуі наурыз бeн cәyipге дәл келіп тұра бермейді», – дейді! «10-11 мың жыл шамасы бұрын жыл басы наурыз жылқы жылы жұлдызына келген. Ол кезде қыс болмаған деген қорытынды шығаруға болады. Оны қалай түсінеміз. Қыс болмауының екі түрлі себебі болуға мүмкін. Бәлкім, біздің осы жерлерімізде бұрын қыс болмаған шығар. Екіншіден, біздің халқымыз бұрын қыс болмайтын жерде болып, кейін осылай ауысқан шығар. Он мың жыл ішінде не болмайды», – дейді.
Жер бетінде мұз дәуірі болды дейді ғылым. Оған дау жоқ. Бірақ алғашқы тиік жүретін епті адам Африкадан табылғаны да мәлім. Батыстың адамтану тарихы да бүгінгі адамның түрі Африкадан шығып, өзінің басқа түрлерін жойып, жоя жүріп жетіліп, бүгінгі Еуразияға жетті дейді...
Құрматты оқырман, алдағы наурыз мейрамы қарсаңында cіздерге төмендегі танымдық материалды ұсынамыз. (Материал А.Машанидың «ӘЛ-ФАРАБИ» (1970 ж. «Жазушы» баспасы. 123-133 бет) еңбегінен ықшамдалып алынды).
Ақжан Машани: Күн мен түннің теңелуі наурыз бeн cәyipге дәл келіп тұра бермейді
Ай тоғыстарының ең бірінші бас тоғысы наурызға дәл келетінін тоғыс, өйткені ол жылдың басы. Наурыз айында күн мен түн теңеледі, іңірде Үркер мен жаңа туған үш жаңасындағы айдың кездесуі – тоғысы жыл басы болып саналады. Үш тоғыс айы, сәуір айы дегеніміз сол. Жұлдыз аты бойынша ол Өгіз (сиыр – сәуір – үркер) айы. Жерді көтерген Көк өгіз, ол жерді мүйізімен көтеріп тұрады. Бір мүйізі талғанда екінші мүйізіне ауыстырады дейтін аңыз-әңгіме осыған байланысты. Сол мүйізі қыстық мүйіз, оң мүйізі жаздық мүйіз деп есептесек, күн мен түн теңелген күні жердің салмағы екі мүйізге бірдей түскен күн деуге болады. Оған дейін сол мүйіздегі жер, сонан әрі қарай оң мүйізіне ауысу керек. Айдың осы тоғысында Күн соған көршілес Хамал (Қошақар) жұлдызының тұсында болады. Ай мен Күнің аралығы сол кезде 40 гардус шамасы болады. Сонымен, Наурыздың тамаша нысандары Үркер (Өгіз) мен Ай бірінші жағынан, Хамал, Қошқар, оның ішінде Шартан жұлдызы мен Күн екінші жағынан келеді. Жеті хат көк тарапынан алғанда наурыздан бастап Күннің көк жүзіне жоғарлауын көрсететін нысана керек. Күн 4 – хат көк. Оның жоғары көтерілуін көрсету үшін келесі 5 – хат көк иесінің есімін осы айға беру керек. Ол Маррих (Марс – Март), демек март айы. Жылға кірген тышқан туралы бip қызықты деректер бар. Ерте-ерта заманда біздіц қыпшақ даласын мекендеген мүйіз тұмсық алып жануарлар Керік болган. Олар пілден алдеқайда зор, тұмсығының үстінде найзадай қайқайған жалғыз мүйізі болған. Қазіргі уақытта олар жоқ. Мен оның бip мүйізін Қызылқұмнан тапқан едім. Керік – алып көртышқан яғни «Тин-шу» деп атаған. Біздің ойымызша Тышқан деген жыл атында сол «Алып тышқан» – Мүйіз-тұмсық-Керік (Моносерос) деп білу керек. Керік атты жұлдыз тобы нағыз «Керіктің орнында» тұр яғни Егіз бен Өгіз жұлдыздарының арасында. Қазіргі кезде жыл басы тышқан екені рас. Бірақ epтегінің жұмбағы мұнымен шешіліп тұрган жоқ. Біріншіден, жылдың бacы мезгіл-мезгіл ауысып отыратын болғанын көреміз. Өйткенi әңгіменің өзі жыл басын сайлап шығару мәжілісі ғой. Бұл оқиға немен байланысты, неше жылда болады, кашан болған? Мұның бәрі мәлім емес. «Үркерді кезектесіп басып тұрады екен, кезек бip мезгілде жылқыдан сиырға келіпті...». деген алдыңғы ертегіде де жылдардың кезектесуі бар. Осы жөнінде менің бip жорамалым бар. Жорамал алыстан келетін, алысқа әкететін нарсе. Айтып көрейін. Сіздерге сынға салайын. Сіздер ұқсаңыздар басқалар да ұғатын болар. Жылдың басы, мүшел бacы көбінесе наурыз айы яғни күн мен түннің жазғытұрғы көктемдегі теңелуінен басталады. Ол теңеліс біздің заманымызда март айының 20-сы күндерінде болады. Бұл наурыз жұлдыз eceбі бойынша cәyip айына дәл келеді. Бірақ табиғатта, өзгермейтін нәрсе жоқ, осы да өзгереді. Басқаша айтқанда күн мен түннің теңелісі наурыз бeн cәyip жұлдызы үнемі дәл келіп тұра бермейді. Жұлдыздар қатары жылжымай тұра бермейді. Наурыз, яғни теңеліс күні жылжиды. Сол жылжыстың арқасында наурыз бір заманда бір белдеу (зодиак) жұлдызға дәл келсе, екінші заманда басқа бір жұлдыз тобына дәл келеді. Міне, жылдың кездесуі, жылға кірген жануардың кезектесуі деген мәселені осыдан деп білу керек. Бұл кезектесу неше жылда бір болады, басқаша айтқанда жыл басының сайлауы неше жылда бір өткізіледі, немесе наурыздың жылжу шапшаңдығы қандай? Осының өзі аса қиын есеп. Алдымен наурыздың жылжу себебін түсінейік. Күн мен түннің теңелуі (наурыз) деген сөз, Күн мен Айдың (жердің) жүріс жолдарының қиылысуы. Ұлы жолдардың тоғысқан торабы сол. Наурыз жылжыған дегенде жылжитын сол тоғыс нүктесі. Оның жылжу есебі жердің айналыс білігінің (кіндігінің) ауытқуынан яғни бағытының өгеруінен. Айналмалы заттың білігі ауытқиды деген түсінікті айналдырған зырылдауықтың білігінен көруге болады. Зырылдауықты алғашқы айналдырып жіберген бетте оның білігі тік қалпында болады. Аздан соң ол білік тік қалпын өгертіп, бір жағынан қарай тартып қисаяды. Қисаю себебі оны жердің тартуы, құлауға бейімделу ғой. Бірақ ол қисайғанымен құлап кете қоймайды, өйткені оның айналыс екпіні бар. Сонымен зырылдауық білігінің сол кездегі айналыс жолын қарасақ, шошақ қос (конус) тәрізді болады. Осы конустың кішісі бар және үлкені бар. Жердің білігі осындай конус бойынша жылжиды. Осы жылжудың арқасында айтылған теңеліс теңеліс нүктесі де жылжиды. Жұлдыздардың кезектесіп келіп отыруы осымен байланысты. Жер білігінің үлкен конусты бойлап бір айналып шығуына 26000 жыл керек. Сонда теңеліс (наурыз) нүктесінің бір белдеу жұлдызынын екінші белдеу жұлдызына ауысуы үшін қанша жыл керек болады. Ол үшін жоғарыдағы білік айналыс жыл санын белдеу жұлдыз санына бөлу керек. Яғни 26000 бөлу 12-ге орта есеппен болады 2170 жыл шамасы. Демек, жыл басы наурыздың бір жұлдыздан екінші жұлдызға ауысуы үшін 2170 жыл керек. Осы бойынша бірер жорамал жасап көрейік. Біздің жыл санауымыз бойынша сиыр (тышқаннан кейінгі) 2-жыл, жылқы 7-жыл. Екеуінің арасында 5 жыл (5 жұлдыз) бар. Олардың бірінің орнына бірі алуы үшін 2170×5₌10 850 жыл керек. Демек, 10-11 мың жыл шамасы бұрын жыл басы наурыз жылқы жылы жұлдызына келген. Ол кезде қыс болмаған деген қорытынды шығаруға болады. Оны қалай түсінеміз. Қыс болмауының екі түрлі себебі болуға мүмкін. Бәлкім, біздің осы жерлерімізде бұрын қыс болмаған шығар. Екіншіден, біздің халқымыз бұрын қыс болмайтын жерде болып, кейін осылай ауысқан шығар. Он мың жыл ішінде не болмайды.Дайындаған Бақыт БЕКОВ