Нұр-Сұлтанда бір айдың ішінде 14 мыңнан астам адам каратинге жатқызылған

Нұр-Сұлтанда бір айдың ішінде 14 мыңнан астам адам каратинге жатқызылған

Нұр-Сұлтанда бір айдың ішінде 14 мыңнан астам адам каратинге жатқызылған
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова үй карантинінде жатқан тұрғындар туралы ақпарат берді. ҚазАқпарат ұсынған ақпарда қала әкімдігінде өткен онлайн брифинте басқарма басшысы: «Коронавирус инфекциясы бойынша №9 қалалық емханада Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдарының 24 қызметкерінен мобильді топ құрылды. Олар коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп танылған елдерден (1б, 2, 3 санаттар) келіп, үй карантиніне жатқызылған тұрғындарға күн сайын хабарласуда», – деп атап өтті. 2020 жылдың 20 ақпанынан бері 14 408 адам үй карантинінде болды. Олар бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 14 күннен кейін карантиннен шығарылып отырды. Қазіргі уақытта үй карантинінде 213 адам жатыр. Алдағы екі аптада елорда тұрғындарына коронавирус инфекциясына қатысты экспресс тестілеу жүргізіледі. Еске сала кетсек, Қазақстанда қазір коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 49 адамға жетті. Алматыда – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Нұр-Сұлтанда 25 адам тіркелген.