Жаңалықтар

«Отандастар» қоры Наурыз мейрамын онлайн тойлады

ашық дереккөзі

«Отандастар» қоры Наурыз мейрамын онлайн тойлады

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар» қоры алыс-жақын шетелдегі қандастардың басын қосқан «ONLINE-NAURYZ» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Онлайн режимде өткен шараға әлемнің түкпір-түкпіріндегі АҚШ (Бостон, Чикаго), Иран, Германия, Швеция, Дания, Монғолия, Ресей, Түркиядағы қазақтар белсенді қатысып, атамекеніне ыстық сағынышын жеткізді. Дархан көңілді қандастарымыз бір-бірін құттықтап, барша қазақ халқына ыстық лебізін білдірді.