Үш күнде 1350 турист елге оралды

Үш күнде 1350 турист елге оралды

Үш күнде 1350 турист елге оралды
ашық дереккөзі
Үкіметтің туристік мақсатта шетелге шыққан азаматтарды шұғыл қайтару туралы шешіміне байланысты «Туристік Қамқор» ҚҚ туристердің құқығын кепілдендіру жүйесінің әкімшілігі отандастарымызды қайтару процесін бастады, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. 2020 жылдың 17-19 наурызы аралығында Қазақстан аумағына 1350 турист қайтарылды, 32 туристке жеке авиабилет сатып алынды. Қор есебінен 5 914 туристі шығару жоспарлануда. «Бортты әуеге көтеру – оңай іс емес, ал ТЖ жағдайында шекаралардың, транзиттік аймақтардың барлық жерде жабылуына, валюта бағамының өзгеруіне және тағы басқа мәселелерге байланысты бұл жұмыс одан әрі күрделене түседі», – деп атап өтті қор төрағасы Ирина Рей. Бұл қорғау шарасы 11-13 таңбалы коды бар туристерге ғана арналған.