Қостанайға Египеттен ұшып келген 84 адам бақылауға алынды

Қостанайға Египеттен ұшып келген 84 адам бақылауға алынды

Қостанайға Египеттен ұшып келген 84 адам бақылауға алынды
ашық дереккөзі
Бүгін Қостанай қаласына Египет мемлекетінен «Шарм-эль-Шейх – Қостанай» бағыты бойынша рейс ұшып келді, – деп жазды ҚазАқпарат. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұшақ бортында барлығы 237 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған. Оның 152-і – Ресей Федерациясының, 1 – Украина, 84 – Қазақстан азаматы. Келген жолаушыларды полиция қызметкерлері, эпидемиологтар және жедел жәрдем қызметкерлері бірге қарсы алды. Ресейліктер Ресей Федерациясының шекарасына дейін жеткізілді. Елдің 84 азаматы медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды. «Қостанай облысында короновирус инфекциясын жұқтырған адамдар жоқ. Жолаушылардың жағдайы бірқалыпты. Бүгінгі күні облыста 39 адам ауруханаға жатқызылды, карантинде 24 адам бар», – делінген ведомствоның ақпаратында.