Алматыда карантинге жабылған тұрғын үйлер саны артты

Алматыда карантинге жабылған тұрғын үйлер саны артты

Алматыда карантинге жабылған тұрғын үйлер саны артты
ашық дереккөзі
Алматыда Гоголь мен Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі үйлер оқшауланды. Tengrinews.kz ұсынған ақпаратта Гоголь 75 және Қонаев 51 мекен-жайындағы үйлер жабылғанын жазылған. Куәгерлердің айтуынша, үйді Ұлттық гвардия сарбаздары мен полицейлер қоршауға алған. Үйлерді айнала темір қоршаулар қойылған. Еске салайық, кеше, 19 наурызға қараған түні Алматыдағы «Сұңқар» тұрғын үй кешенінің аумағында жергілікті тұрғындардың бірінде коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты карантин енгізілген болатын. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растаған еді. Артынша «Сұңқар» тұрғын үйінің маңындағы үш үйге карантин жарияланған болатын. Ал бүгін түнде Алматыдағы Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынғаны хабарланған.