Жаңалықтар

Коронавирус туралы ақпарат беретін жаңа сайт іске қосылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында елімізде коронавирус туралы ақпарат беретін жаңа сайт іске қосылғанын жазды. 

«Құрметті достар! Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру – ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады», – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасалатын іc-шаралар тәртібі жарияланған және бұл мәліметтер халық пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулық түрінде берілген.

«Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады. Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын», – дейді Дәурен Абаев.

Back to top button