Жаңалықтар

"Науқастар әдетте 17-ші күні көз жұмады": Ухань мамандары коронавирустың ағымдық кезеңдерін атады

ашық дереккөзі

"Науқастар әдетте 17-ші күні көз жұмады": Ухань мамандары коронавирустың ағымдық кезеңдерін атады

Қытайдың Ухань университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары коронавирустың негізгі белгілерін атап, қауіпті індетті суық тиюмен шатастырмаудың жолын айтты, деп хабарлайды Life.ru.  CoViD-19 инфекциясын алғаш тіркеген Ухань дәрігерлері 138 пациентті зерттеп, ауру ағымын кезеңдерге бөлген. Мамандар аурудың екі негізгі кезеңін атады. Алғашқысы 7 күнге созылады. Бірінші күндегі кең тараған алғашқы белгі – қалтырап, қызу көтерілу. Науқастардың 99%-ында жоғары температура байқалған. Екінші күні қатты шаршау сезіледі. Сондай-ақ, құрқақ жөтел пайда боп, бұлшықеттер ауырады. Кейбір жағдайда лоқсу және іш өту байқалады. Жетінші күн – бұл кезеңнің аяғы. Демек, ауру жұқтырғандардың 85%-ының денсаулығы дұрыстала бастайды. Мұндай жағдайда егер сіз өзін-өзі оқшаулауда болсаңыз әрі ешкіммен байланыс орнатпасаңыз, жұмысыңызды жалғастыруыңызға болады. Алайда, егер жетінші күні тыныс алу жолдары қиындаса, онда бұл – екінші кезең басталғанының белгісі. Екінші кезең тағы екі аптаға созылады, алайда бұл вирус жұқтырғандардың 15 пайызына ғана қауіпті. Мұндай кезде ауруханаға қаралған жөн, себебі пациент ауруханаға жатуды қажет ету мүмкін. Әдетте науқас коронавирустан 17-күні қайтыс болуы мүмкін. 21-күні екінші кезең аяқталады. Осы екі кезеңнен өткен науқастар жұмысын жалғастыруға қауқарлы болады. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей ғалымдары коронавирустың толық геномын анықтағанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Қытай ғалымдары коронавирусқа қарсы Favilavir деп аталатын препаратты клиникалық тексерістен өткізуді аяқтады.