«Сақадай сай болған жөн»: Президент елордадағы блок-бекеттің жұмысымен танысты

Сондай-ақ!

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті, – деп жазды elbasy.kz. – Фракция отырысында «Nur...

Алматыда ағаштардың оталуы: Президент кінәлілерді жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында...

Президент Қарағандыдағы бірқатар спорт нысанын аралады

Қазақстан Президенті Қарағанды қаласындағы жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір мезгілде 650 бала жаттыға алады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Нысанның инфрақұрылымы әлемнің...

Украиналық шенеуніктер Қазақстанға жалған ПТР-анықтамамен келіп, Асқар Маминмен кездеспек болды

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский Қазақстанға коронавирусқа шалдықпағаны туралы жалған анықтамамен келген. Бұл туралы «Комсомольская правда Казахстан» жазды. Украиналық шенеуніктер...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай жарияланып, елордада карантин енгізілгеннен кейін Жібек жолы ауылы маңына қойылған №6 бақылау-өткізу бекетіне барып, жұмысымен танысты.

Фото: Ақорда

Президент карантин режимін қамтамасыз ететін қала әкімдігінің, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерінің дайындығына оң баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің коронавирус індетіне қарсы күресу үшін қабылдаған шаралары жайындағы есептерін тыңдады.

Фото: Ақорда

Еліміздегі медицина қызметкерлерінің пандемияға қарсы күрестегі ауыр еңбегін атап өткен мемлекет басшысы, оларға ризашылығын білдіріп, еңбекақылары мен сыйақыларын уақытылы әрі толық көлемде берудің маңызды екенін атап өтті.

Фото: Ақорда

Президент премьер-министр Асқар Маминге аса қолайсыз әлемдік конъюктура жағдайында экономиканы басқарудың жаңа әдістерін әзірлеу қажеттігін айтты.

«Кез келген қолайсыз жағдайға, тіпті аса күрделі ахуалға, сондай-ақ, экономиканы мобилизациялайтын қадамға да әзір болуымыз керек. Қысқасы, сақадай сай болған жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне, Ішкі істер министрлігі мен басқа да ведомство қызметкерлеріне табыс тілеп, карантин енгізудің себептерін түсіндірді.

«Қазіргі жағдайда карантин енгізбесе болмайды. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Мұндай кезде нақты әрекет жасап, ұйымшылдық таныту керек. Сондықтан карантин енгізу сияқты тәсілдерді қолдануға тура келеді. Азаматтарымыз қабылданған шараларға түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Мұның бәрі халқымыздың денсаулығын сақтау үшін істеліп отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Алматы әкімдігі Sulpak ғимаратының алдына жаңадан 30 ағаш отырғызады

Оңтүстік астанада Төле би көшесінің бойында заңсыз түрде қырқылған ағаштардың орнына жаңадан...

Қазақстанның гуманитарлық көмегі Қырғызстанға жетті

Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген медициналық бұйымдар мен жабдықтар бүгін Бішкекке жеткізілді....

Коронавирус қай мамандық иелеріне ерекше қауіп төндіретіні анықталды

Коронавирус парфюмерлер үшін неліктен аса қауіпті және олардың тәжірибесі өзгелерге несімен пайдалы...

«Басын кесіп алған»: Шымкент тұрғынын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер...

«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді

«Самұрық-Қазына» қоры әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді, деп хабарлайды samruk-akparat.kz. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...