Нұр-Сұлтан мен Алматыда 600-ден аса әуе рейстері тоқтатылады

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 600-ден аса әуе рейстері тоқтатылады

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 600-ден аса әуе рейстері тоқтатылады
ашық дереккөзі

Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыда  алты жүзден астам рейс тоқтатылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. 

Оларға Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы, Балқаш, Талдықорған, Петропавл, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және т. б. қалаларға 16 ішкі бағыт бойынша аптасына 320 тұрақты рейс; Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан, Балқаш, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Үржар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және т. б. қалаларға аптасына 295 тұрақты рейс кіреді.​

Хабарламада төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1 хаттамасына сәйкес, әуе компаниялары төтенше жағдай режимі қолданылатын кезеңде әуе билеттерін айыппұлсыз және толық көлемде қайтаруды рәсімдеуі қажет екендігі де айтылды.

Азаматтық авиация комитеті адамдардың шоғырлануын болдырмау үшін жолаушыларға 2020 жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына бармауды сұрады.