Жаңалықтар

Сартай батыр және мың бала

ашық дереккөзі

Сартай батыр және мың бала

«Жау жүрек мың бала» фильмі жарыққа шыққалы ел ішінде баласына Сартай есімін берген қандастарымыз көбейді. Ойын балалары Сартай боп ойнап, «жаумен алысып» жүргенін де жиі көретін болдық. Бірақ оны тек аңыз кейіпкері немесе  фильм­нің жиынтық образы деп қабылдайтындар аз емес. Сар­тай – XVIII ғасырда өмір сүрген, жоңғарлармен шайқаста ерен ерлік көрсетіп, қазақ жерін жау қолынан азат ету жолында даңқы шыққан айтулы батырлардың бірі, даңқы жастайынан шыққан би. Қазақ елінің тұтастығы және ұлттың да­муы мен тәуелсіздігі үшін күрес­кен тари­хи тұлғаның бірі – қазақ батыры әрі би Са­р­тай Байжанұлы. Ұлтымыз үшін ауыр сын болған ұлт тарихында мәңгілікке қа­­лу­ға тиіс айтулы оқиғалардың бірі – Бұлан­ты шайқасы. XVIII ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ үшін қасіретті жыл­дар болды. Жан-жақтан бөрідей ұм­тылған жоңғар-қалмақтар халықты қыр­ғынға ұшыратты. Жоңғарларға қарсы ал­ғаш­қы ірі шабуыл Ұлытау аумағында Бұлан­ты, Білеуті өзенінде болды. Бұған үш жүз­дің барлық әскері қатысты. Жауға ал­ғаш соққы Сарысудың батыс жағалауында Шұбартеңізде берілді. Қазақтардың екпіні қатты еді. Жау амалсыз аттың басын кері бұрып Білеутіге қарай шегінді. Осы кезеңде кіші жүз биі Байжан баласы Сартай батыр Әбіл­хайыр ханның жасағын іздеп шық­қа­ны жайлы жырда былай суреттеледі:   Сартай батыр Қозы жауырын, қу жебе, Сартайдың қолында. Дула деген ағасы, Келе жатыр оңында.   Қайып ерен қырық шілтен, Сартайдың тобында. Мінген аты Шалғасқа, Мың баласы соңында.   Азамат қайтпас жігермен, Қазақтың қалың әскері, Бұланты деген бұлаққа, Осылай келіп тірелген.   Алдында қалың жау тұрды, Қара бұлттай түнерген. Зеңбіректер зіркілдеп, Алысқа дабыл жіберген. Бір айта кетерлігі, жоңғарлар мыл­тық­­ты сатып алумен, тартып алумен қатар оны өздерінде жасауды қолға алған. Ал қазақтың мылтыққа, зеңбірекке қар­сы қолданғаны – айбалта, садақ, найза, қылыш еді. Бұланты шайқасы бұл азаттық жолындағы Ұлы Отан соғысы болды. XVIII ғасырда Каспий теңізінен Алтайға дейін жайылған қазақ даласында ұлтымыз үшін қиын қыстау сынақ жылдары болып, ел ба­сына «ел болу, не табанға түскен құл болу» күні туды. Сондықтан Байжан би мен Бүкірек батыр және ел арыстары Сар­тай­дың талабын қолдап, «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» үш жүздің басын қосу үшін бар­лық қазақ рулары арасынан елім, же­рім, қазағым деп жанып тұрған, өжет, тапқыр, ақылды, қайратты жігіттерді іріктеп алып, қол жинап жаттықтыруды жолға қойып, оған аянбастан тер төгіп бірлесе ат­салысқан. Сол «Мың баланың» қайтпас ер­лігі жау бетін қайтарып, жоңғарлар мен өткен алғашқы ұлы шайқаста қазақ қолы жеңіске жете бастады. Байжан би Сар­тай­дың бала кезінен ширақ, буыны қатты, ат­қа үйір болуына байланысты, оған «Шал­ғасқа» атты ақ қасқа құлынды атап, ша­бан­доз­дыққа баулыған. Бұл құлын Сартаймен бір­ге талай шабыстардан өтіп, жауға шабар аты­на айналған. Сартай 6 жасқа келгенде әке­сі «Сен азамат болдың, болашақта елді қор­ғайтын нағыз батыр боласың» деген се­нім мен шеберлерге күміспен көм­керіл­ген ер жасатып, қамшы өргізіп берген. Қа­­зіргі кезде бұл құнды дүние, яғни «ашамай» ер батырдың ұрпақтары Көкебай Қуа­назардың тапсыруымен Орал қала­сын­дағы өлкетану музейінің, «Алтын орда» за­лын­да көрермендер назарына ұсынылып отыр. Әкесі Байжан Сартайды жастайынан өмірді көрсін, айналасын біліп дербес шешім қабылдап үйренсін деп, аңғарғыш бол­сын деп жанынан тастамаған. Сауатын ашсын деген ниетпен сол кездегі білім көзі діни оқуға оқытқан, ел арасындағы халық мүд­десіне қатысты өткізілетін жиындардан қалдырмай ертіп жүріп, ой мен тіл жүй­ріктігіне баулыған. Ел азаматтары Сар­­тайдың жастайынан ересек адамдай, ақылдылығына, еңбекқор табандылығына, қарудың барлық түрін еркін қолданып, ат құлағында, қас батырдай ойнайтынына таңғалып, бұл баланың болашағы зор болатынына кәміл сенген. Ел қадірлісі Байжан би үзенгілес досы Бүкрек батырға «Сар­тайымыздың қасына жас біткенді, топ­тастырып оларды хас батыр қылып тәр­биелеуді қолға алсақ қалай болады?», – дегеніне Шыңғысхан тұқымы Бүкрек батыр «ертең Отанымызды қорғайтын осылар, оларға соғыс өнерін үйретуді өзіме аламын деген екен. «Нағашы жұрттың жақсылығына сүйе­неді, жамандығына күйінеді» дегендей Сар­тайдың нағашылары да тегін адам емес екені белгілі. Олар табын руынан атақты батырлары Бөкенбай мен Есет болатын. Сар­тай сол кездегі ұлтымызға төнген қауіп­ті, бабаларымыздың жетік тәрбиесін зерттеп, ұлтын, жерін аман алып қалу үшін, ең бірінші қазақ арасында татулық, бірлік керектігін, жауды толық жеңу үшін шағын топ емес, үш жүздің батырларынан құра­лып, арнайы дайындықтан өткізілген әс­кер жасақтау қажеттілігін талқыға салған. Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуел­сіздігіне қол жеткізуге атса­лыс­қан Сартай батыр мен «Мың бала» ерліктерін көрсету арқылы халықты пат­риот­тық отансүйгіштік сезімге тәрбиелей оты­рып, әлем жастары бір көруге армандайтын еліміздің төрінде Қазақ батыры Сартай Байжан ұлы бастаған «Мың бала» жо­рығына қатысты елдің рухын көтерер ес­керткіш орнатылып бас қаламыз Нұр-Сұл­танда, және Алматы, Шымкент қала­лары мен әр облыстар мен қалалардың көрнекті жерден көше атаулары беріліп, со­нымен қоса білім мен тәрбие беру ошақ­тарында олардың ерлігі мен өмір жолдары дәріптелуі тиіс. Еліміздің тәуелсіздік алып еңсесін тіктеу бабалар рухына деген құр­метімізді бұрынғыдан да арттыра түсу қажет. Бұл бабалар рухына деген құр­ме­ті­мізді бұрынғыдан да арттыра түсері сөзсіз.    Сартай атамыз 1710 жылы туып, 1875 жы­лы өмірден озған. Бейіті қазіргі Қы­зы­лорда облысы, Қазалы ауданынан 63 шақырым жердегі, Қызылқұмдағы діни ұстазы Қасымқожа мен Жалаңтөс батыр ұрпағы, Дәулет бақсының жанында. Батыр­дың ұрпақтары бүгіндері елімізде әр қиы­рында жемісті еңбек етіп жүр. Солардың ішінде жүз мыңдаған адамның дерттен сауы­ғуынан ерекше жәрдем еткен емші көріп­кел дәрігер Жанарыс Еңсепов бар. Бүгін­дері Жәкеңді күллі халық жақсы таниды. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанның тө­рінде Сартай батыр мен «мың ба­ланың» еңселі ескерткішін орнатқан жөн. Со­нымен қатар «Мың бала» туралы толық­метражды анимациялық фильм түсіруге болады. Тіпті мультсериал жасаса да артық емес. «Жаужүрек мың бала» деген атаудың өзі шетелдік мультфильм жасайтын ком­па­нияларға жетсе, қызығар еді. Ал оның оқиғасын шытырман сериалға айнал­дыру­ға болады. Жаңа министр Ақтоты Райым­құ­лова ханым осы жағын ойластырар деген үмітіміз зор.

 Орынбек ҒАНИБАЙҰЛЫ,

Қазақстанның еңбегі сіңген және Құрметті азаматы, Еңбек ардагері,

Индира БАРМАҒАМБЕТОВА