Карантин: Алматыда тағы үш тұрғын үй оқшауландырылды

Карантин: Алматыда тағы үш тұрғын үй оқшауландырылды

Карантин: Алматыда тағы үш тұрғын үй оқшауландырылды
ашық дереккөзі
Алматыда коронавирусқа байланысты тағы үш көп қабатты үй карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады. Кеше қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласында коронавирусты жұқтыру ошақтары бар екенін айтқан болатын. "Басты міндет – ауруды жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, вирустың қалада таралуына және оның басқа өңірлерге шығуына жол бермеу", - деді Бабақұмаров. Еске сала кетейік, бүгін таңертең "Сұңқар" тұрғын үй кешеніне карантин енгізілгенін хабарлағанбыз. Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде он бір көп қабатты үйде коронавирус жұқтырған адамдар тұрады деген ақпарат тарады. Ішінде коронавирус ошағы болып саналатын төрт тұрғын үй бар. Ержан Бабақұмаров "Сұңқар" тұрғын үй кешенімен бірге тағы үш көп қабатты үйдің карантинге жабылғанын растады. "Олар Достық, 42; Достық, 42а; Қабанбай батыр, 68 мекенжайында орналасқан. Барлық аула қоршалып, төрт бақылау-өткізу пункті орнатылды", - деді Бабақұмаров. Сондай-ақ, жұқтыру ошақтары мен олардың нақты саны туралы ақпаратты кейінірек жіберетінін айтты.