Теміржол вокзалдары вирусқа қарсы құралдармен қамтамасыз етілді
Теміржол вокзалдары вирусқа қарсы құралдармен қамтамасыз етілді
– Темір жолдың әрбір қызметкері жоғары азаматтық жауапкершілік танытып, жеке гигиена шараларын күшейтіп, үнемі қолдарын жуып жүрулері, оларды залалсыздандыру құралдарымен өңдеуі, медициналық маскаларды барынша пайдалануы және жұмыс уақытында қорғаныштық қолғаптар киюлері тиіс, – деді Серік Әбденов. Басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, еліміздегі барлық 244 вокзал вирусқа қарсы құралдармен қамтамасыз етілген. Осы мақсатқа 20 мың маска, 5 мың литр антисептикалық сұйықтық, 100 мың дана қолғап сатып алынған. Қорғаныштық құралдармен ең алдымен тұрғындармен тікелей байланысатын Компания қызметкерлері, вокзал, билет сататын касса қызметкерлері және жолаушылар пойызының жолсеріктері қамтамасыз етіледі. Барлық вокзалдарда СанПиН нормаларына сәйкес тазалық жүргізіледі, атап айтар болсақ, тазарту жұмыстары күніне 4 рет, ал адам көп шоғырналатын орындарында (күту және касса залдары) залалсыздандыру құралдарын пайдаланып жүргізілетін іс-шалалар сағат сайын жүзеге асырылады.